Қорытынды есебі «экспо-2017: Болашақ энергиясы»



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі289,11 Kb.
#31321
  1   2
Қорытынды есебі «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы»

.Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» деп еліміздегі халықаралық көрменің маңызын түсіндіру мақсатында, оның міндетінің негізгі салмағы да осы үш пән-математика,физика және информатикаға бағытталған.Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді.



Бірінші күні,яғни 19 қаңтар апталықтың ашылуы құрметіне «ЭКСПО-2017» атты көрме,«ЭКСПО-нақты ғылым елінде» қабырға газеттер конкурсы ұйымдастырылды.

Апталықтың ашылуында 9-11 сыныптар арасында «



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет