1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
13
ды. Тобыр болып өмір сүру молырақ азық табуға
мүмкіндік берді.
Жұппен және сыныппен талдаңдар
Руға біріккен кездегі өзгерістер туралы айтар ал-
дында "Алғашқы рулық қауым" тақырыбындағы
мәтінмен танысып және "Рулық қауым" деген су-
реттерді оқушылар жеке-жеке мұқият қарағандары
жөн. Одан соң жұпқа бөлініп, руда өмір сүрудің 3 ар-
тықшылығын талқылайды. Әр біріккен жұптар талқы-
лау барысында тұжырым жасап, 3 артықшылықты
ұсынады. Уақыт болған жағдайда топтар пікірталас
ретінде бір-біріне сұрақтар қояды және өз жауапта-
рымен бөліседі.
Жауаптары.
Егер оқушылар қазіргі уақыттың өзін-
де орманда жалғыз қалған адамның тірі қалу мүм-
кіндігі аз екендігін мысал ретінде келтіріп, алғашқы
адамдардың өмір сүрген уақытындағы қауіптерге
қатысты интерпретациясын көрсетсе, бұл сұрақты
түсінгендігін көрсетеді. Оқушылар өз жауаптарын-
да туысқандық қамқорлық, өзіндік салт-дәстүрдің
қалыптасуын, тәртіп пен ереженің болуы, бір-біріне
деген сенімді, ру ішіндегі өзара құрмет, еңбек құрал-
дары мен азық-түлікті бөлуі, құқық бойынша теңдік-
тердің сақталуы, кез келген уақытта рудың жетекшісі
шешім қабылдай алатындығын, біз айтып отырған
кезеңдегі аналардың руға қамқорлығын айта алады.
Осы тапсырмада саралау бар. Оқушылардың арасын-
дағы деңгейі жоғары оқушылар мәтін мен суретте
берілген ақпараттан басқа жоғары дәрежедегі жауап-
тар айтуы мүмкін. Мысалы, рудың артықшылықтары
ортақ тілдің қалыптасуы, ортақ дәстүрлер болашақта
халықты қалыптастырады. Оларда бірліктің күшеюі
табиғат пен қоршаған ортадан төнетін қауіптерге тө-
теп беруге мүмкіндік берді. "Адамдар табиғатты бір-
ліктің арқасында кеңірек игеріп, азық тапшылығынан
құтылады" деген жауаптар ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: