5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет16/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар өткен тақырыпта антропологиялық өз-
герістері бойынша алғашқы адамның даму сатыла-
рымен танысты. Сол тақырыпта олар «саналы адам-
ның» қабілеттерін талқылаған болатын. Бұл сабақта 
оқушылар тобырға тән белгілерді біледі, адамдар-
дың тобырға бірігуінің себептерін анықтайды. Ке-
лесі орындалатын іс-әрекет арқылы руға бірігудің 
артықшылықтарын талдап, алғашқы адамдар ұжы-
мының сипатындағы өзгерістерді түсінеді. Түсіне ала-
тындай, пайымы қалыптасатындай ақпараттар мен 
тапсырмалар ұсынылады.
Ойланыңдар
"Адамдар неліктен бірігіп, ұжымдасады?" деген 
сұрақ төңірегінде бүкілсыныптық талқылау ұйым-
дастырыңыз. Талқылауды жұпта және топта өткізуге 
болады.
Себептерін анықтаңдар
Тапсырма оқушылардың жұптық талқылауынан 
басталады, алғашқы адамның неге топтасып өмір 
сүргендігіне кемінде 2 себепті анықтайды. Олар басқа 
жұптармен бірігіп, екі жұптың жауабынан ең жақсы 
деп шешілген 2 себепті атайды. Осы жауаптарын сти-
керге жазып, мұғалім алдын ала сынып қабырғасына 
іліп қойған алғашқы адамдардың тобырының суреті-
не жабыстырады. Оқушылар өзге топтардың жауап-
тарын оқып, танысады.
Жауаптары.
Алғашқы адамдар бірлесіп аңдар-
дан қорғанды және шабуыл жасады, аң аулады және 
терімшілікпен айналысты, жыртқыштарға қарсы тұр-


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
13
ды. Тобыр болып өмір сүру молырақ азық табуға 
мүмкіндік берді. 
Жұппен және сыныппен талдаңдар
Руға біріккен кездегі өзгерістер туралы айтар ал-
дында "Алғашқы рулық қауым" тақырыбындағы 
мәтінмен танысып және "Рулық қауым" деген су-
реттерді оқушылар жеке-жеке мұқият қарағандары 
жөн. Одан соң жұпқа бөлініп, руда өмір сүрудің 3 ар-
тықшылығын талқылайды. Әр біріккен жұптар талқы-
лау барысында тұжырым жасап, 3 артықшылықты 
ұсынады. Уақыт болған жағдайда топтар пікірталас 
ретінде бір-біріне сұрақтар қояды және өз жауапта-
рымен бөліседі.
Жауаптары.
Егер оқушылар қазіргі уақыттың өзін-
де орманда жалғыз қалған адамның тірі қалу мүм-
кіндігі аз екендігін мысал ретінде келтіріп, алғашқы 
адамдардың өмір сүрген уақытындағы қауіптерге 
қатысты интерпретациясын көрсетсе, бұл сұрақты 
түсінгендігін көрсетеді. Оқушылар өз жауаптарын-
да туысқандық қамқорлық, өзіндік салт-дәстүрдің 
қалыптасуын, тәртіп пен ереженің болуы, бір-біріне 
деген сенімді, ру ішіндегі өзара құрмет, еңбек құрал-
дары мен азық-түлікті бөлуі, құқық бойынша теңдік-
тердің сақталуы, кез келген уақытта рудың жетекшісі 
шешім қабылдай алатындығын, біз айтып отырған 
кезеңдегі аналардың руға қамқорлығын айта алады. 
Осы тапсырмада саралау бар. Оқушылардың арасын-
дағы деңгейі жоғары оқушылар мәтін мен суретте 
берілген ақпараттан басқа жоғары дәрежедегі жауап-
тар айтуы мүмкін. Мысалы, рудың артықшылықтары 
ортақ тілдің қалыптасуы, ортақ дәстүрлер болашақта 
халықты қалыптастырады. Оларда бірліктің күшеюі 
табиғат пен қоршаған ортадан төнетін қауіптерге тө-
теп беруге мүмкіндік берді. "Адамдар табиғатты бір-
ліктің арқасында кеңірек игеріп, азық тапшылығынан 
құтылады" деген жауаптар ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет