5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет19/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
15
тар осындай күнделік жасау дағдысын өмірде қол-
дануға ықпал етеміз. 
Болжам жасаңдар
Неге алғашқы адамдардың еңбек құралдары тас- 
тан жасалды? Әр топқа өз болжамдарын стикерлер-
ге немесе кеспеқағаздарға жазуын сұраңыз. Осыдан 
соң барлық топтар өз жауаптарын дауыстап оқиды, 
бір-бірінің жауаптарын тыңдайды. Дұрыс жауапқа 
жақын келген болжамдарды мұғалім атап өтеді. 
Жауаптары.
Алғашқы адамдар өз азығын табу-
да тамырлар қазып жеді, аң аулады. Осындай кезде 
адамның тырнағы қатты топырақты қазуға жарама-
ды. Жыртқыш аңдардан қорғану үшін қаруға қажет-
тілік туды. Адамның қолына ілінген жер бетіндегі
тастар алғашқы құралдарға айналды. 
Анықтаңдар
Сабақтың кіріспе мәтінімен танысқан соң, оқушы-
лар Ежелгі Қазақстан тарихына арналған атласты 
қолданып, тас дәуіріне жататын тұрақтарды дәптер-
леріне жазып алады. Бұл тапсырманы оқушылар же-
ке-жеке орындайды. 
Жауаптары
. Тас дәуіріне жататын Қазақстандағы 
тұрақтар: Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жотасын-
дағы Бөріқазған және Тәңірқазған, Арыстанды өзені 
бойынан табылған Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ
Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Батыс Қазақстан-
дағы Шақпақата, Шығыс Қазақстандағы Шүлбі. 
"Менің бір күнім..." 
Бұл тапсырманы оқушылар жеке-жеке орын-
дайды. Алғашқы адамдардың өмірі туралы алған 
ақпараттарын күнделік жазу кезінде жан-жақты 
қолдануын сұраңыз. Оқушылар өз жұмыстарын-
да оқулықтағы сұрақтар мен үлгіде ұсынылған сөз 
тіркестерін басшылыққа алады. Осы күнделікте 
алғашқы адамдардың кәсібі туралы, еңбек құрал-
дары, тұтынатын тағамдары, алғашқы адамның сөй-
леу қабілеті, яғни саналы адам екендігі, аң аулауға 
қажетті еңбек құралдары, рудағы туысқандық қа-
рым-қатынас, отты алу әдісі мен отты қолдану тура-
лы білімдері қамтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет