5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет18/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабақтың деректі материалдары 
Қазақстанда тас дәуіріне жататын ескерткіштерді 
зерттеу 1950–1970 жылдары қарқынды жүргізіл-
ді. Осы зерттеулер арқылы алғашқы адамдар-
дың Бөріқазған, Тәңірқазған, Ақкөл, Қызылтау, 
Семізбұғы, Шақпақата тұрақтары ашылды. Көне 
тас дəуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері
Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің 
бойынан Қызылтау, Тəңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы 
жəне Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің 
оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дəуірге 
жататын ескерткіш зерттелді. Қарасу тұрағынан тас- 
тан жасалған 15 мыңға жуық заттар шыққан. Архе-
ологтар тұрақтардан табылған артефактілер негізін-
де Қазақстандағы алғашқы адамдардың кәсібі, тас 
өңдеу әдістері туралы қорытындыларын жасады. 
Ең ұзақ уақытқа созылған тас дәуірінде адамдарда 
баяу болса да, өзгерістер болды. Олардың тас өң-
деу технологиясының ілгерілеуі жаңа дағдылардың 
дамығанын көрсетеді. Алғашқы адамдар табиғат-
тың дайын өнімін тұтынды. Азық табуда негізгі кәсіп 
түрлері терімшілік пен аңшылық болды. Қазақстан-
дағы ежелгі адамдардың еңбек құралдары, негізі-
нен, тастан жасалған өте қарапайым болатын. Олар 
қазғыш таяқ, үшкір тас, шапқы, кескіш, аң сүйек-
терінен ойылған үшкір құралдар жасады. Оңтүстік 
Қазақстан дағы Көшқорған тұрағынан табылған тас-
тан жасалған еңбек құралдары Африка, Еуразияның 
еуропалық бөлігінен табылған тас құралдарға өте 
ұқсас. Еңбек құралдары бойынша көбірек ақпарат 
беретін Қызылтау, Арыстанды, Көшқорған тұрақта-
ры туралы ақпаратты "Қазақстан тарихы. Көне за-
маннан бүгінге дейін" (І том. 2010 ж.) кітабынан және 
ғаламтордағы ғылыми сайттардан қараңыз. 
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақтың мақсаты – ежелгі адамдардың 
алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі, еңбек құрал-
дары туралы алған ақпараттары мен білімдерін 
жүйелеп, шығармашылық түрде көрсетуге негіздел-
ген. Оқушылардың тек тақырып бойынша білімін 
ғана емес, дағдысын дамытуға назар аудару ке-
рек. Бұл сабақ бірнеше тарихи концептілердің не-
гізінде құрастырылған. Тас дәуіріндегі тұрақтардан 
табылған артефактілер туралы көбірек мағлұмат 
беретін суреттерді тақтаға іліп қойыңыз. Оқушы-
лар суреттерден барынша ақпарат алып, оқиғаны 
түсіндіреді. Келесі "өзгеріс және сабақтастық" кон-
цептісі бойынша оқушылар тас дәуіріндегі алғашқы 
адамдардың еңбек құралдарындағы, кәсібіндегі, 
отты игеруге байланысты мыңдаған жылдар ара-
сында орын алған өзгерістердің қандай уақыт ара-
лығын қамтитынын, адамдар үшін өзгерістің ілгері 
немесе кері кетуге әкелгенін, тас дәуірі кезеңінде 
бастапқы өмірмен сабақтастықты түсінеді. Алғашқы 
адамның бір күнін сипаттау арқылы оқушыларда, 
жазылым дағдысын дамытамыз, тақырып мазмұны 
бойынша білімін жүйелеуге үйретеміз. Сонымен қа-


1-тарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет