Жауаптары. Таңертең ауа райын болжайды, бү-
гін не істеу керек, отқа қақталған етпен, теріп алып
келген жемістермен тамақтанды, руластарымен,
інісімен аңға шығуды жоспарлады, кешке қарай от
жағып, үңгірді жылытты, туыстарымен көрген-біл-
гендерін айтып, әңгімелесті және т.б.
Бағалау мүмкіндіктері Оқушылардың алғашқы адамның атынан "Менің
бір күнім" тақырыбында жазылған күнделігі бағала-
нады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы-
лар сұрақтарға жауап беріп, алған ақпараттар не-
гізінде білімдері мен дағдыларын көрсетеді.
Қосымша тапсырма Сынып оқушыларын топқа бөліп, алғашқы
адамдарда қандай қабілеттер болғандығы тура-
лы сұраңыз. "Енді осы қабілеттердің қайсысы бізде
бар?" деген сұрақты талқылауға тағы 2 минут уақыт
беріңіз. "Бізде алғашқы адамдарда жоқ қандай қа-
білеттер бар?" деген сұраққа топта 2 минут талқылау
жасауды сұраңыз. Осы тапсырманы аяқтау үшін олар
мәтін жазады. Тас дәуірінен қазіргі уақытқа дейін не
өзгергені туралы мәтінді оқушылар жеке-жеке жаза-
ды. Кемінде 5-6 сөйлем жазуды сұраңыз. Бұл тапсыр-
маны саралап өткізуге болады. Кейбір оқушылар 5-6
сөйлем жазып, өзгерістердің маңызына мән береді.
Оқушылардың бір бөлігі өз қорытындысын 2-3 сөй-
леммен ұсынуы мүмкін.
Сабақтың басында тас дәуірінің тұрақтарын кескін
картаға түсіріп, осы тұрақтардан табылған артефак-
тілер туралы ақпарат тауып келуге тапсырма беруге
болады. Бұл қосымша тапсырма келесі тақырыпты
жалғастыруға қажет болады.
16
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі 1.2. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары (1-сабақ) Оқу мақсаты 5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археология-
лық жаңалықтарын білу.