5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет22/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

 
Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларда ежелгі 
адамдардан қалған олжалар негізінде өзінің түсін-
дірмесін жасай білу дағдысын қалыптастыру. Осы 
сабақта оқушылар археология ғылымы мен архе-
олог мамандығының маңыздылығын түсінеді, қа-
зақстандық археологтардың жаңалықтарын біледі. 
Сабақта Қазақстан тарихының тас дәуірі кезеңіне 
заттай дерек болатын археологиялық олжалардың 
фотосуреттерін көрсетіп, алғашқы адамдар бұл 
құралдарды не үшін қолданғандығы туралы сұрап, 
тарихи дерекке назар аударуға, дәлел ретінде одан 
маңызды ақпараттар алу дағдысын дамыту қажет. 
Осы сабақ арқылы адамзаттың өткен тарихын білу-
де археология ғылымы мен археолог жұмысының 
маңызын ашамыз. Оқушыларда археологиялық ол-
жалардың жасын анықтауға байланысты сұрақтар 
туындауы мүмкін. Сондықтан 5-сынып оқушысы 
үшін түсінікті болатын 1-2 археологиялық әдіс тура-
лы айтып өту қажет. Сабақтың концептісі – "дәлел".
Ойланыңдар
Оқушылар алдыңғы сабақта
 
Қазақстандағы ең 
алғашқы адамдардың осыдан 1 миллиондай жыл 
бұрын өмір сүргенін білген болатын. Осы білімдерін 
еске түсіріп, тас дәуіріндегі адамдарда жазу әлі бол-
мағандықтан, біз бұл ақпаратты қайдан білетінімізді 
сұраңыз. Оқушыларға топпен талқылау жүргізіп, әр 
топтың екі болжамын стикерге жазулары қажеттігін 
түсіндіріңіз. Топтардың әрқайсысы өз болжамда-
рын таныстырған соң, сыныптан қайсы болжамның 


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
17
нақтырақ болғандығын сұраңыз. Оқушылардың 
"археология", "археолог", "артефакт" ұғымдарын 
қаншалықты түсінетінін тексеріңіз. Оқушыларға ар-
хеологтардың қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсін-
діріңіз.
 
Жауаптары.
Алғашқы адамдардың қаңқаларын 
тауып, олардың жасын анықтаймыз. Сонымен қатар 
осы адамдардың жасаған заттары мен өмір сүрген 
орындарын табу арқылы олардың осыдан қанша 
уақыт бұрын өмір сүргенін білеміз. Бұл заттар жер 
бетінде аз мөлшерде кездеседі, оларды көбінесе те-
рең топырақ қабаттарынан іздеп табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет