Өзгерісті анықтаңдар Бұл тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.
Оқушылардың назарын мұз басу дәуіріндегі адамның
тіршілігінің әрбір бөлшектеріне аударуды сұраңыз.
Бұл сурет мамонт аулаудан кейінгі адамдардың
іс-әрекетінің жалғасы ретінде беріледі. Оқушылардан
өздеріне таныс мұз басу дәуіріне дейінгі адамдардың
өмірімен салыстырып, кемінде үш өзгерісті атап бе-
руді сұраңыз.
Жауаптары. Адамдар бұрынғыдай үңгірлерде
емес, өздері тұрғызған жылы баспанада (жертөлелер-
де) өмір сүруде. Олар жылы киімдер киетін болған.
Теріні өңдеуді жақсы меңгеріп алған. Біз, ине сияқты
құралдарды пайдаланған.
Ойланыңдар Оқушыларды топқа бөліп, табиғаттағы өзгерістер-
ге байланысты еңбек құралдары мен дағдылар қалай
өзгергенін талдауларын сұраңыз. Тапсырмаға арнайы
кеспеқағаздар дайындап беріңіз. Жауаптарын
кеспеқағаз астында берілген арнайы орынға жаз-
дырыңыз. Оқушылардан мұз басу дәуірі мен мұз ері-
геннен кейінгі табиғи өзгерістердің адамның өміріне,
кәсібіне, еңбек құралдарына әсерін қорытынды жау-
аптарын да жазуларын сұраңыз.
Өзгерістердің ауқымдылығын, оның баяу немесе
шапшаңдығын уақыт сызығын қолданып анықтау-
ды, еңбек құралдарын жасау және қолданудағы ерек-
шеліктерге мән беруді ескертіңіз. Сонымен қатар са-
бақтың басында жасалған қажетті заттар мен қажетті
дағдылар тізіміне нені қосатынын немесе нені алып
тастайтындықтарын сұраңыз.
Адамдардың жаңа еңбек құралдары мен қарулар-
ды ойлап табуының бірнеше себептерін талқылауды
ұсыныңыз. Анықталған себептерді стикерлерге жеке
жазып қою қажеттігін ескеріңіз. Әр топ себептерін та-
ныстырған соң, барлық себептерді маңыздылығына
қарай тақтаға орналастыруды сұраңыз. Оқушыларға
тұжырымдарын түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Бағалау мүмкіндіктері Оқушылардың сабақ басында орындалған тапсыр-
ма мен соңғы тапсырмаларды байланыстырып, жа-
саған қорытынды ойына назар аударыңыз. Сабақтың
соңында оқушылардың табиғи өзгерістерге байла-
нысты алғашқы адамдар кәсібінде, еңбек құралда-
рында орын алған өзгерістер мен себептерді тал-
даған сипаттамалары бағаланады.