5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет26/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Салыстырыңдар
Оқушылар мәтінде берілген екі археолог ашқан
 
тас дәуірі тұрақтарының мерзімі, жасы, олжалар-
дың сипаттамасы бойынша салыстыру тапсырмасын 
жұптасып орындайды. Кестені әрбір жұпқа таратып 
беріңіз. Кестедегі әр бөлімді оқушылар бірлесіп тол-
тырады. Оқушылар археологтардың зерттеулері мен 
тас дәуіріндегі тұрақтарды бір-бірімен салыстырып, 
олардың ерекшеліктерін сипаттайды. Осы тапсырма 
арқылы оқушылар археологтар зерттеген аймақта-
рын, тас дәуіріне жататын тұрақтарды, олардың қай 
дәуірге жататынын, табылған артефактілер мен олар-
дың қысқаша сипаттамасын қажетті бөлімдер бойын-
ша толтырады. 
Жауаптары
. Х. Алпысбаев Қазақстанның оңтүсті-
гінде зерттеулер жүргізді. Ол ашқан тұрақтар – 
Арыстанды, Бөріқазған, Тәңірқазған тұрақтары. Бұл 
тұрақтар ерте палеолитке, яғни осыдан 840–140 мың 
жыл бұрынғы уақытқа жатады. Табылған артефак-
тілердің көбісі – шапқылар мен қырғыштар. Бұл еңбек 
құралдары тастан жасалған. А. Медоев Қазақстан-
ның батысын және орталығын зерттеген. Ол 1960 
жылы Маңғыстаудағы Шақпақата тұрағын ашты. Бұл 
тұрақтың жасы 840–140 мың жыл бұрынғы уақытқа 
сәйкес. Тұрақтан жарғыш сынатас, бифас, пышақ, 
қырғыш, үшкіртастар табылды. Сипаттамасы: тастан 
жасалған, аң аулауға қолданылған еңбек құралдары. 
З. Самашев Қазақстанның шығысындағы тұрақтарды 
зерттеген. Соның бірі – Бұқтырма тұрағы. Кейінгі па-
леолитке жатады. Табылған олжалар: тас пышақ, екі 
жағынан өңделген қырғыштар. 
Тұжырым жасаңдар
Палеолит кезеңінің ескерткіштері негізінде 
Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың өмірі 
туралы тұжырым жасаңдар. Оқушылар алған білім-
дерінің негізінде Қазақстан аумағында болған 
алғашқы адамдардың өмірі туралы түйіндеме жасай-
ды. Бұл жұмысты шығармашылық түрде көрсетуге 
болатынын ескертіңіз. Мысалы, алғашқы адамның 
үңгірдегі өмірі туралы макет жасау, сурет салу, ер-
мексаздан адамдардың шаруашылығы сипатталған 
көрініс жасау, фотоколлаж құрастыру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет