24
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.4.
Ботай мәдениеті (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау.
Тірек сөздер
энеолит
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы,
2006.
Оқулық: Ботай мәдениеті,
24-25-бет.
Зерттеу сұрағы:
не себепті ботайлықтарды
жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды?
Сабаққа дайындық
Сабақ басталғанға дейін
сыныптағы үш топтың
оқушыларына жеткілікті үш түсті стикер-кеспеқағаз-
дар дайындаңыз. Ботай қонысының А4 пішініндегі
суретін уақыт сызығының қажетті тұсына орналасты-
рып қойыңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Тарихшылар Қазақстандағы энеолит кезеңі б.з.д.
4-3 мыңжылдықтар аралығын қамтитынын айта-
ды. Энеолит кезеңіне жататын жақсы зерттелген
тұрақ – Солтүстік Қазақстандағы
Иманбұрлық өзені
маңындағы Ботай ескерткіші. Тұрақты 1980 жылы
археолог В.Ф. Зайберт ашты. Тұрақтың алып жатқан
аумағы – 15 гектар. Ботай тұрағын қазу кезінде 158
тұрғын үй қазып алынған. Баспаналардың көлемі
20 шаршы метрден 120-ға дейін жетеді, үшбұрыш
немесе төртбұрыш түрінде салынған. Төбесі күм-
безделген бұтақтармен және шыммен жабылған.
Үйдің ортасында ошақ бар. Қабырғаның бүйірін-
де азық-түлік сақтайтын шұңқыр (ұра) қазылған.
Тұрғын жайлар табалдырығының
астында иттерді
көмген. Қонысты 20 жылға жуық зерттеген археолог
В.Ф Зайберт бастаған экспедиция энеолит дәуіріне
жататын өте көп олжалар тапты.
Ботайдан шамамен
70 мың жылқының сүйегі аршылып алынған. Жүген
мен кісенге арналған ілмектердің табылуы адамның
жылқыны қолға үйрете бастағанын дәлелдейді. Бо-
тайлықтар туыстарын қоныс аумағындағы ескі тұрғын
жайларға жерлеп, қабырғаларға жағалата ондаған
жылқының бас сүйектерін қою дәстүрін орындапты.
Жерлеу ғұрпы мен
бірқатар олжалар тотемизмнің,
бабаларға табынудың болғанын көрсетеді.
Ботайлықтар жылқыны алғашқы қолға үйре-
тушілердің бірі деп есептеледі. Ботайлықтар жылқы-
ның сүтін тағам ретінде қолданғанын сол жерден
табылған қыш құмырадағы май дақтарының қал-
дықтарын арнайы зертханадағы
зерттеулер анықта-
ды. Бұл қоныстан табылған мыстан жасалған бұ-
йымдар, діни наныммен байланысты бойтұмар мен
әсемдік заттар ботайлықтардың дүниетанымы тура-
лы ақпараттар береді. Осы сабаққа қатысты толық
ақпараттарды "Қазақстан тарихы. Көне заманнан бү-
гінге дейін. І том. – Алматы: Атамұра, 2010" кітабының
96–99-беттерінен алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: