5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет37/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

1.4.
Ботай мәдениеті (2-сабақ) 
Оқу мақсаты
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау.
Тірек сөздер
ауыздық
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Зайберт В.Ф. Ботай мәдениеті. – Алматы:
ҚазАқпарат, 2009. – 576 б.
Оқулық: Ботай мәдениеті, 
26-27-бет.
Зерттеу сұрағы:
не себепті ботайлықтарды 
жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? 
Сабаққа дайындық
Сабақтың алдында жылқыны қолға үйрету-
дің маңыздылығы жазылған 7 кеспеқағазды төрт 
топқа жеткілікті мөлшерде дайындап қойыңыз.
1-кеспеқағазда көлік ретінде маңызы, 2-кеспеқағаз-
да қымыз сусыны алынатыны, саумалын емге қолда-
натыны айтылады. 3-кеспеқағазда етінің азық ретін-
де маңызы; 4-кеспеқағазда терісінің киім, ыдыс (саба, 
торсық) жасауға қолданылатыны; 5-кеспеқағазда 
жер жыртудағы және атты әскер құрудағы маңызы; 
6-кеспеқағазда спорттық ойындарға қолданылаты-
ны және 7-кеспеқағазда адамның ертедегі дүние-
танымындағы өнер туындыларына арқау болғаны 
туралы жазыңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Ботай тұрағының ашылуы энеолит кезеңінде-
гі адамдардың өмірін білуде маңызды ақпараттар 
алуға мүмкіндік берді. Осы арқылы адамдардың 
жылқыны қолға үйретуі туралы тың зерттеулер 
жүргізілді. Жылқыны көлік ретінде қолдану мерзімі 
анықталды. Бұл оқиға адамдардың кәсібіне өзгеріс- 
тер әкелді. Аң аулау үшін көлік ретінде жылқы пай-
даланылды, жылқының сүтінен құнарлы сусын 
дайындалды. Жылқыны қолға үйрету энеолитте-
гі адамдардың тіршілігіне елеулі өзгерістер әкелді. 
Біріншіден, үлкен қашықтықтарды бағындыру мүм-
кіндігі ашылды, екіншіден, тағам түрлері көбей-
ді, үшіншіден, жылқыны пайдалы жануар ретінде 
құрметтеу адамдардың дүниетанымына әсер еткен. 
Мұны ботайлықтардың жерлеу дәстүрінен білеміз. 
Жылқыны қолға үйретумен байланысты қолөнер 
заттарын жасауда жаңалықтар болды. Энеолит за-
манында аттың жабдықтары, жүген, ауыздық, кісен 
жасалды. Энеолиттен кейінгі кезеңдерде жылқыны 
бағу әдістері мен жүйесі қалыптасты. "Ботай тұрғын-
дарының тұрмыс-салты" атты бірлескен бағдарлама 
негізінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан 
мемлекеттік университеті, Көкшетау Мемлекеттік 
университеті, Экзетер, Бристоль, Кембридж универ-
ситеттерінің арасында бірлесе зерттеу туралы келісім 
жасалған болатын. Шетелдік ғалымдармен бірге Бо-
тай мәдени қабатына палеографиялық және пале-
омагниттік зерттеулер жүргізілді. Сол зерттеулердің 
негізінде 2009 жылы "SCIENCE" ғылыми журналында 
мақала жарияланды. Мақалада жылқы жануарының 
ең алғаш Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілгені, 
б.з.д. IV-III мыңжылдықта ботайлықтардың жылқы 
сүтінен дайындалған қымыз сусынын тұтынғаны жа-
зылды. Бұл туралы толық ақпаратты "Қазақстан та-
рихы" (көне заманнан бүгінге дейін) І том. – Алматы 
2010 ж.", "Зайберт В.Ф. Ботай мәдениеті. – Алматы, 
2009 ж." еңбектерінен аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет