Себебін анықтаңдар Оқулықтағы мәтінмен танысқаннан кейін, жылқы-
ны қолға үйретудің адамзат тарихындағы маңыз-
дылығын айқындайтын себептерді талдау тапсыр-
масын оқушыларға топпен орындауды ұсыныңыз.
Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, мұғалім дай-
ындап келген жылқы жануарының адамдар үшін
пайдасы жазылған 7 кеспеқағазды маңыздылығы-
на қарай орналастырады. Оқушылар алдымен топ-
та талдау жасайды. Кеспеқағаздардағы себептерді
маңыздылық дәрежесіне қарай орналастырады.
Маңызды себептерді жоғарыға, маңыздылығы бір-
дей деп есептелгендерді бір-бірімен қатар, маңыз-
дылығы төмен себептерді астыңғы бөлікке орнала-
стырады. Содан соң әр топ өз жауаптарын сынып
оқушыларының алдында түсіндіреді.
Жауаптары. 1. Жылқы адамның көлігіне айнал-
ды. Адам үлкен қашықтықты еңсере алатын болды.
2. Жылқы – ішсе сусын, жесе азық, кисе киім. 3. Ауыл
шаруашылығының дамуында рөлі зор. Ол жылқы
шаруашылығы және егін салуда ұзақ уақыт қолда-
нылды. 4. Біз көптеген соғыстарда атты әскерлердің
басты күш болғанын білеміз. Шайқаста жауды жеңу-
де жауынгерлердің серігі болған жылқының рөлі аз
болмаған. 5. Жылқыны қазіргі кезде спорттық мақ-
саттарға да баптайды. Көкпар тарту, бәйге сияқты
ұлттық спорт түрлері жылқының қатысуымен өтеді.
6. Қазақ халқының дүниетанымында жылқының қа-
сиетті жануар саналуы тегін емес. Жылқы – өте таза
жануар. 7. Биенің сүті мен саумалының емдік қасиеті
бар. Оқушылардың жауаптары қандай болса да, қа-
былданады, маңыздысы өз жауаптарын дәлелді түр-
де айтып, түсіндіруі қажет.
Бағалау мүмкіндіктері Оқушылар алдыңғы тапсырмада Ботай тұрағынан
табылған дәлелдерді сабақтың тақырыбымен қан-
шалықты байланыстыра алатындықтарын көрсетеді.
Яғни, тұрақтан табылған олжалар ботайлықтарды
алғашқы жылқыны қолға үйретушілер деп атауға
негіз бола алатындығын түсіндіреді. Сабақ бары-
сында ботайлықтар қалыптастырған жылқы шару-
ашылығының адамдар үшін маңыздылығын талдап,
дәлелдерін келтіре алады. Сұрақтарға жауап беріп,
себептерді талдауға қатысқан оқушыларды ынталан-
дырыңыз. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне
сәйкес білім мен дағды көрсете алмаған оқушыларға
қосымша сұрақтар немесе тапсырмалар ұсыныңыз.