5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет40/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырма
Кейбір оқушылар Ботай тұрағынан табылған бар-
лық олжалардың құпиясын білуге ұмтылады. Қы-
зығушылығы жоғары оқушыларға ботайлықтардың 
діни нанымы мен "тотемизм" түсінігі арасындағы 
байланыстар туралы ғалымдардың болжамдары 
бойынша келесі сабаққа мақала дайындап келуге 
тапсырма беріңіз. Қосымша материалдар алуға бо-
латын ғаламтор сайттарын жазып беріңіз.


28
1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.5.
Қазақстан аумағында металлургияның пайда 
болуы (1-сабақ) 
Оқу мақсаты
5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық 
салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
Тірек сөздер
қола дәуірі
кен 
зергерлік
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. І том. – Алматы: Атамұра, 2010.
Оқулық: Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы
28-29-бет.
Зерттеу сұрағы: 
Қазақстан жерінде металды 
өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?
Сабаққа дайындық
Оқушылардың хронологиялық білімдерін дамыту 
үшін сынып қабырғасына уақыт сызығын іліп қой-
ыңыз. Уақыт сызығында 1 млн жылдан бүгінгі 2016 
жылға дейінгі мерзімдер көрсетілуі керек. 
Сабақтың деректі материалдары
Тас дәуірінен кейін, б.з.д. II мыңжылдықта қола дәуірі 
басталды. Қазақстанды мекен еткен тайпалар қоланы 
өндіру тәсілін меңгерді. Қазақстанның жер қойнауын-
да мыстың, қалайының, басқа да полиметалдардың 
мол қоры бар. Қола дәуіріндегі тайпалар қоладан ең-
бек құралдарын, қару-жарақтар, зергерлік бұйымдар 
жасаған. Еңбек құралдарының қоладан жасалуы егін-
шіліктің, мал шаруашылығының қарқынды дамуына 
әсер етті. Қоладан жасалған еңбек құралдары тастан 
жасалған еңбек құралдарын ығыстыра бастады. Қола 
дәуірінің қоныстары мен обаларынан қоладан жа-
салған егіншілікке қолданылған орақ, шалғы, балталар, 
қару-жарақтардан жебе ұштары, пышақ, найза ұштары 
табылды. Сонымен қатар қола түймелер, моншақтар, 
қола айналардың табылуы тұрмыста қоланың кең қол-
даныста болғанын білдіреді. Қазақстандағы ең көне кен 
орындары – Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан 
аумағы. Металл кеніштері Зырян, Жезқазған маңайы
Қарқаралы және Ақшатауда болған. Қола дәуірінде кен 
өндірудің ұңғып алу, отпен уату әдістері болған. Өндіру-
дің түрі мен әдістері кенді қабаттың орналасу жағдайы-
на байланысты болды. 
Қоныстардан табылған олжалар тас дәуіріне қа-
рағанда адамдардың еңбек құралдарын жасауда ше-
берлігінің дамығанын көрсетеді. Олар қоланы соғып 
жұқарту, металды қысып өрнектеу, тегістеу, жылтыра-
ту, үшкірлеу, өрнек салу дағдыларын меңгерген. Қыш 
ыдыстар жасау одан әрі дами түсті. Ыдыстарды әртүр-
лі көлемде безендіріп жасаған. Қабірлерден табылған 
жүннен тоқылған киімдер әйелдердің тоқымашылық 
кәсіпті меңгергенін көрсетеді. Мал терісін өңдеп, аяқ 
киім, тон мен бас киімдер тігу қола дәуіріндегі адамдар-
дың қолөнер шеберлігінің тас дәуірінен әлдеқайда 
жоғары болғанын дәлелдейді. Сонымен қола дəуірінің 
атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
• түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі;
• ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзе-
ге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен 
бөлініп шығуы;
• отбасылық рулық қатынастың орнауы;
• кейінгі қола дәуірінің тайпалары алғаш болып 
экономикалық өмірдің озық түрі — көшпелі мал ша-
руашылығына көшті;
• қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. 
Осы сабаққа қатысты толық ақпараттарды "Қа-
зақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. – 
Алматы: Атамұра. 2010." кітабының 101–116-беттері-
нен алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет