болуы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау;
5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық
салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
Тірек сөздер
теселі егіншілік
тайпа
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.
І том. – Алматы: Атамұра. 2010.
Оқулық: Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы,
30-31-бет.
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан жерінде металды
өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?
Сабаққа дайындық
Венн диаграммасы сызылған бірнеше ватман
дайындап қойыңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Қазіргі кезде Орталық Қазақстан бойынша Ата-
су, Бұғылы, Беғазы-Дәндібай қоныстары; Шығыс
Қазақстанда Қанай, Малокрасноярка қоныстары;
Солтүстік Қазақстанда Петровка, Боголюбов қоныс-
тары; Жетісуда Тамғалы шатқалы мен Батыс
Қазақстан да Тастыбұтақ қорымы жақсы зерттелген.
Табылған олжалардың ерекшеліктері мынадай: Ор-
талық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер
тастан салынып, пирамидаға ұқсас күрделі құрылыс
әдістері қолданылған. Шығыс Қазақстандағы қо-
ныстардан металл құятын шеберханалар табылды.
Бұл аймақта ежелгі металл қорытатын орталықтар
болғандығын білеміз. Жетісудағы Тамғалы шатқа-
лынан жартасқа салынған қола дәуіріндегі тайпа-
лардың дүниетанымынан хабар беретін ғажайып
суреттер табылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ
қорымындағы жерлеу дәстүрінің өз ерекшелігі бар.
Қабірлерден біз, моншақ сияқты әйелдер қолданған
заттар табылған. Орталық Қазақстандағы құрылыс-
тардың ірілігі, обалардың биік болуы мұнда дәу-
летті адамдардың жерленуімен байланысты болуы
мүмкін деген тұжырым бар. Қола дәуірінде қоғамда
мәртебесі жоғары адамдарды ерекше жерлеген.
Құрылыста тасты қолдану осы аймақта тастың көпті-
гімен байланысты. Қанай және Малокрасноярка кен
алынатын орталық болған, яғни шеберханалар кен
орнына жақын орналасқан. Тамғалы жартастарын-
дағы суреттер қола дәуірі адамдарының өмірі, өнері,
діни нанымдары, қоршаған орта туралы ойлары
туралы ақпарат береді. Тастыбұтақ қорымынан та-
былған олжалар мен жерлеу орындары қола дәуірі
адамдарының жерлеу дәстүрі туралы білуге көмек-
теседі. Қола дәуірінде мал шаруашылығымен қатар
егіншілік те дамыды. Усть-Нарым қонысынан та-
былған орақтар осы аймақта егіншіліктің болғанын
көрсетеді. Қола дәуірінің басында егіншілікте тастан
және бұғы мүйізінен жасалған теселер қолданылған.
Кейінгі қола дәуірінде кетпендер пайда болған. Тас-
тан дәнді дақылдарды үгітетін құралдар: келі, кел-
сап, түйгіш, тоқпақшалар жасалған. Сонымен қатар
қоныстардан қола және мыс орақтар, қола шалғы-
лар табылды (Шағалалы қонысы). Егіншілік мал
шаруашылығымен салыстырғанда қосалқы рөл
атқарған. Қола дәуірінде рулық құрылыс ыдырап,
мүлік теңсіздігі пайда болды. Қорымдарды зертте-
ген археологтар жерлеу заттарына қарай қоғамда
мүлік теңсіздігі болғанын айтады. Мал санының өсуі
азық-түлік өнімдері мен шикізат-ет, сүт, тері, жүннің
көбеюіне әкелді. Артық шикізаттан қор жиналып,
өнім айырбасы туындады. Мыс, қалайы құймалары
кен орындары жоқ аймақтарға тасылды. Жылқының
көлік ретінде маңызы артты. Мүлік теңсіздігінің қа-
лыптасуы қақтығыстарды тудырды. Мал басының
көбеюі жаңа жерлерді игеруге қажеттілікті тудыр-
ды. Қола дәуірі тайпалары арасында жер үшін, мүлік
үшін (тағы басқа себептер болуы мүмкін) қақтығыс-
тар мен соғыстар туындаған. Қола дәуіріне жататын
қоныстардан қару-жарақтардың көптеп табылуы
осындай тұжырымға алып келеді. Осы сабаққа қа-
тысты толық ақпараттарды "Қазақстан тарихы. Көне
заманнан бүгінге дейін". І том. – Алматы: Атамұра.
2010." кітабының 114–116-беттерінен алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |