Үй тапсырмасы:Ия ,жоқ тапсырмасы арқылы орындалады.
Үй тапсырмасы
|
ия
|
жоқ
|
№
|
Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауға арналған сөйлемдер
|
+
|
-
|
1
|
Адам әрекеті қоршаған ортаны өзгертеді.
|
|
|
2
|
Ағашты ретсіз кесу,өртеу оның жойылуына әкеп соғады.
|
|
|
3
|
Мемлекет орманды қорғап,бақылауға алмайды.
|
|
|
4
|
Топырақ құнарлығын қалпына келтіру үшін, алқаптарға көң
және минералды тыңайтқыш себілмейді.
|
|
|
5
|
Суқоймаларындағы жануарлардың тіршілігі бір-бірімен және
жағалаудағы өсетін өсімдіктермен байланысты.
|
|
|
Жаңа сабақ
www. bilimland.kz бейнеролик
“Дүниетану” оқулығы. 4-сынып, 2015. 86-88 бет
«Алматыкітап».
Егіншілік.Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалы жерлердің топырағы өте құнарлы.Оларды жыртып,дәнді дақылдар егуге пайдаланады.Бұл жерлерде бидай,арпа,сұлы, өсіріледі.Суармалы жерлерде күріш,мақта, жүгері егіледі.
Қазақстан өте көп жоғары сапалы бидай өсіреді.
Оны,негізінен,республикамыздың солтүстік бөліктерінде себеді.Ал оңтүстікте күздік егіс егіледі.
Шөлді суармалы жерлерде қауын,қкрбыз,асқабақ өсіріледі.Бұл өсімдіктер жылу мен суды қажет етеді. Қызылорда облысының Сырдария өзенінің жағалауында бау-бақша салу жақсы дамыған.Оларды суаратын суды Сырдария өзенінен алады.
Тау етегінде бақ өсіріледі.Онда алма,қараөрік,өрік,алмұрт, жүзім өсіріледі.
Малшаруашылығы.Біздің республикамызда қой,жылқы,ірі қара мал,түйе,құс тағы басқа малшаруашылығының салалары жақсы дамыған.Адам баласы мал өнімдерін тағам,киім ,тұрмыстық заттар, әшекейлер, дәрі –дәрмектер жасауға қолданады.
Қой шаруашылығы-Қазақстанда малшаруашылығының ең жақсы дамыған саласы.Қойдан ет,сүт, май,тері және жүн алынады.
Жылқы шаруашылығы- малшаруашылығының маңызды саласы.Қазақтар жылқы малын қашан да қастерлей білген.Жылқының еті жоғары бағаланады,оның сүтінен емдік қасиеті бар қымыз дайындалады.
Түйе шаруашылығы.
Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында кеңінен таралған.Түйе-өте күшті, төзімді жануар.Оларды әр уақытта шөлді жерлерде жүк тасуға пайдаланған.Адамдар оның етін,сүтін,жүнін пайдаланады.Сүтінен құнарлы емдік сусын-шұбат әзірленеді.Жүнінен жылы киім тоқиды,көрпе жасауға пайдаланады.Ең сапалы киімдер түйе жүнінен дайындалған жіптен тоқылады.
Құс шаруашылығы.
Қазақстанда жақсы дамыған. Құс фермаларында тауық, үйрек, қаз, күркетауық, тіпті түйеқұс өсіріледі.Құстың еті мен жұмыртқасын халық тамаққа кеңінен пайдаланады.
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін сұраңыз.
-Сәлеметсіздер ме балалар
-Көңіл күйлерің қандай?
-Қалай көрсетеміз.
Бас бармақ арқылы көрсетуін ұсыныңыз.
Психологиялық сәт.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
Түрлі-түсті үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Осылайша сізде 4 топ құрылады.Әр топқа төрт түсті гүл қойып, сол түске байланысты отыруларын ұсыныңыз. Топ ережесін хормен қайталауын сұраңыз.
Топ ережесі:
Ұйымшыл болу;
Бір – бірімізді тыңдау ;
Бір – бірімізге кедергі жасамау;
Сабаққа белсене қатысу;
Бір – бірімізді қолдау;
Бір – бірімізге көмектесу;
7.Бірлесіп жұмыс жасау; Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты былайша бастауға болады.( Үй тапсырмасын «Ауа райы мен адам әрекетінің өсімдіктер мен жануарлар өміріне ықпалы»тақырыбын ия,жоқ тапсырмасы арқылы бекітуге болады.)
Сабақты тосын сыйдан бастаңыз. Алдын ала төрт түлік мал және бидай салынған «Қара жәшік» дайындаңыз. Оқушылар қара жәшікте не бар екенін білмеуі тиіс. Оларға «құпиясы» бар қара жәшікті көрсетіңіз және ішінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылар оны сұрақ көмегімен табады: Адамға не қажет ?Ертеде адамдар қажеттіліктің барлығын неден алған? Дастарханымыздың байлығы ,ас атасы не,балалар?
- Балалар төрт түлік дегеніміз не?
- Ал осы төрт түлікті өсіріп-өндіретін, бағып-күтетін шаруашылық түрін қалай деп атаймыз?
Оқушылар қорапта не бар екенін тапқаннан кейін төрт-түлік көрсетіңіз және бидай қайда өсетінін сұраңыз.Бүгінгі күнді және
«Егіншілік пен малшаруашылығы.» тақырыбын тақтаға жазыңыз. Топтардың арасында « Егіншілік пен малшаруашылығы.» тақырыбына кіші зерттеу жұмысын жасатыңыз. Ол үшін әр топқа А3 көлеміндегі 1-2 парақ, маркер таратып беріңіз.
«Білемін» сөзін іліп осы тақырып төңіргінде не білетіндерін А3 форматына жапсырып ,оны қорғатыңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Шапалақ арқылы ынталандыру қажет. Ынталандыру
-топта сен ерекше белсенділік таныттың!
-бүгін сен сұрақтарға дұрыс жауап бердің!
«Білгім келеді» сөзі ілініп, оқушыларға не жайында білгілері келетіні жайлы сұрап,А3 форматына жапсырып,оны қорғатыңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз.
Шапалақ арқылы ынталандыру қажет.
Ынталандыру
-топта сен ерекше белсенділік таныттың!
-бүгін сен сұрақтарға дұрыс жауап бердің!
Сергіту сәті:
Биші бұрылып билейді
Күйші домбыра тартады
Спортшы жүгіріп , секірсе
Оқушы сабақ оқиды.
«Егіншілік пен малшаруашылығы» тақырыбында
www. bilimland.kz сайтынан бейнеролик көрсетіңіз..“Дүниетану” оқулығы. 4-сынып, 2015. «Алматыкітап». 86-88 беттегі Оқушыларға оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.Оқып болған топ шапалақ арқылы белгі беріп орнынан тұрады.Әр топқа қойылған гүлді бір-біріне ұсынып « Ашық микрофон» әдісі арқылы оқып білгендерін ортаға салу әңгімелесуі қажет. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардың жауаптарын видеороликтен және оқулықтан алынған мәліметтері бойынша қорытынды жасалады.
Тақтаға «Білдім» деген сөз ілінеді. А3 форматына жапсырып,оны қорғатыңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Шапалақ арқылы ынталандыру қажет.
Ынталандыру
-топта сен ерекше белсенділік таныттың!
-бүгін сен сұрақтарға дұрыс жауап бердің!
Тапсырма. «Орындап көр» www. bilimland.kz
1 –топқа «Сөйлемдерді толықтырыңыз »
2 -топқа «Төрт түлік малды аталарымен сәйкестендіріңіз.»
3- топқа Не қалай дыбыстайды?
4- топқа Төлдерін табыңыз.
www. bilimland.kz Қорытынды ретінде тест ұсынуға болады.
Тест
Дұрыс нұсқаны таңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ірі малды атаңыз.
2. Жеті қазынаның бірі атанған үй жануарын атаңыз.
Қамбар ата
ит
мысық
күшік
3. Қисын бойынша сәйкес келмейтінін табыңыз.
4. Егіннен мол өнім алу үшін не қажет екенін көрсетіңіз.
5. Топырақ арасында қыстап шығатын өсімдікті көрсетіңіз.
|