Сабықтың тақырыбы: Лейкоциттер. Фагоцитоз теориясы



Дата10.03.2017
өлшемі473,23 Kb.
#11257

Сабықтың тақырыбы: Лейкоциттер. Фагоцитоз теориясы. 


Сабақтың мақсаты : Оқушыларға лейкоциттердің құрылысы мен қызметін 
меңгерту. 
 Білімділік: Лейкоциттердің адам ағзасында атқаратын қызметі, оның 
топтарға бөлінуін, фагоцитоз қандай құбылыс екендігін үйрету.
 Дамутышылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында 
тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды 
пайдалану, ойлау қабілетін дамыту.
 Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін пайдаға асыра отырып 
білімдерін нығайту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ақпараттық оқыту , сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ойындар.
Көрнекілігі: Иинтерактивті тақта, ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі . 
2. Үй тапсырмасын сұрау. 
3. Жаңа сабақ 
4. Ойын сұрақтарына жуап беру
5. Сабақты қорытындылау. 
Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылардың сабаққа назарын аударып, оқу құралдарын түгендеу. 
Үй тапсырмасын сұрау. «Допты қақпаға енгізу» ойыны.
Слайдтың көрсетілуі барысында әрбір доп үш реттен тышқан көмегімен шертіледі. 1-ші сұрақ пайда болады, 2-ші сұрақ жойылады, 3-ші шертуде доп қақпаға енеді
1. Қандай сұйықтықтар ағзаның ішкі ортасын құрайды? 
2. Қанның құрамында қандай жасушалар бар? 
3. Эритроциттер қандай қызмет атқарады? 
4. Қан плазмасының қан сарысуынан қандай айырмашылығы бар? 
5.Эритроциттердің құрылыс ерекшелігі неде? 
6. Қанның құрамы неден тұрады? 
7. Гемоглобиннің өзіне тән ерекшеліктерін ата? 
8. Қан плазмасы құрамында қандай заттар болады? 
9. Қан ағзада қандай қызмет атқарады? 
10. Оксигемоглобин дегеніміз не? 

Жаңа сабақ. 


Лейкоциттер – ядросы бар және белсенді қозғалатын ақ қан жасушалары. Яғни амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 мм қанында 4-9 мың әртүрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит т.б) лейкоциттер бар. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді. 
Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. 

Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде айырша безде және көкбаурда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында аздау, тамақтанғаннан кейін көбейед. Тіршілік ету ұзақтығы 2-5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттерде көкбауыр мен бауырда жойылады. 


Қызыметі. Лейкоциттер амеба тәрізді жалған аяақтарынең көмегімен қозғалады. Лейкоциттер қылтамырдың қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып Жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай өтеді. Әсіресе дененің зақымданған жеріне көп жиналады Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегіменолар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады.
Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физиолог ғылым И.И.Мечников. 

Кім тапқыр ойыны.


Мына фагоцитоз құбылысы суретіндегі сандарды сөйлетейік. 

Эстафета. Тақтаға үш қатар етіп , сұрақ жазылған қағаздар ілінеді. Ең жоғары жағының ортасына бір карточка артық ілінеді, оның тұсына жалауша ілінеді. Төменнен жоғары қарай карточкамен жұмыс істейді. ? 


1. Лейкоциттердің құрылысы нешке бөлінеді? 
2. Жұқпалы аурулар неден болады. 
3. Лейкоциттердің құрылысы неде? 
4. Фагоцитоз мәні неде? 
5. Фагоцитоз құбылысын кім ашты? 
6. Түйіршіксіз лейкоциттерді атаңдар? 
7. Түйіршікті лейкоциттерді атаңдар? 
8. Фагоциттер дегеніміз не?
9. Лейкоциттер қалай қозғалады?
10. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес нешке бөлінеді?

Сабақты қортындылау.


Рефлекция

Сабақтың тақырыбы

Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі

Уақыт

Мақсаты







Оқытудың нәтижесі

Лейкоциттердің құрылысы мен қызметін, жұқпалы аурулардың неден болатындығын, фагоцитоз құбылысының мәнін түсініп, ұғынады.




Әдіс-тәсілдер

Ақылдың алты қалпағы,  топтық  жұмыс,  миға шабуыл, таныстырылым, дәптермен жұмыс , сын тұрғысынан ойлану




Ресурстар мен көрнекіліктер

Ақ қағаз, бағалау парағы, конфеттер, алты қалпақ, графопроектор




Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




1.Ұйымдастыру

Сыныппен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сыныпты топтарға бөлу (конфеттер арқылы)Топ ережесін жасау

Конфеттің түсіне қарай топтарға бірігеді.

5 минут

2. Жаңа сабақ

Таныстырылым арқылы лейкоцит туралы білімді қалыптастыру.

Жаңа ұғымдарды дәптерге жазады, сұрақтарға жауап береді.

7 минут

3. Сергіту сәті.       Сиқырлы сөздер

3 минут

4.Ақылдың алты қалпағы

Алты қалпаққа сай түстерді оқушыларға таңдатады, оқушыларға қалпақтардың түстеріне байланысты анықтама береді.

«Қан» сөзін алты қалпақ бойынша сипаттайды

3 минут

5.Сын тұрғысынан ойлану

Оқушыларға ойлануға уақыт беріп, жауаптарын  сұрап, тыңдайды.

Өз ойларын жинақтап, қалпақты киіп отырып ортаға салады.

19 минут

6.Қорытындылау

Барлық айтылған пікірлерді жинақтап, қорытады.

Өз пікірлерін қосып отырады.

2 минут

7.Бағалау

Жапсырмалар арқылы формативті және суммативті бағалау

Өз топтарындағы белсенділігі жоғары оқушыларды атайды.

3 минут

8.Үйге тапсырма

Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі

1 минут

9.Кері байланыс

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

2 минут

Ай- күні: Сыныбы: 8 Пәні: Биология

Сабақ тақырыбы: Лейкоциттер. Фагоцитоз теориясы.

Сабақтың мақсаты: а) Лейкоциттердің құрылысмен қызметі, жұқпалы аурулардың пайда болуы, Фагоцитоз құбылысының мәні туралы білім алады.

Ә) Ой қозғай отырып, жүйелеу, тұжырымдау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру;

Б) Оқушылард ұжымдыққа, алғырлыққа, еңбекке, ізеттілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: сызба- тіректер,

Пәнаралық байланыс : химия

Сабақ әдіс- тәсілі: Түсіндіру, ой қозғау, өзара оқыту, ббб- кестесі автор орындығы

Сабақтың жүрілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

-Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау

- Оқушыларды психологиялық дайындау

- Амандасу

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Үй жұмысы:

№1 тапсырма. Дұрыс жауапты таңда

□ қан плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;

□ қан плазма құрамында

58 – 70 % су бар;

□қан плазма құрамында

90 – 92 cу бар;

□ фибриногеніжоққанплазмасысарысудепаталады.

□ қан плазмасықұрамында

7 – 8% нәруыз бар;

□ плазма барлыққанның

55-65%- ынқұрайды;

Сұраққа жауап бер.

1.Оксигемоглобин

2. Плазма деген не? (қанныңсұйықбөлігі)

3. Гемоглабиндеген не? (қанныңқызылпигменті)

4. Эритроциттер қайда түзіледі?

5. Организмніңішкіортасына не жатады? (қан, ұлпасұйықтығы, лимфа )

6. Қанның 1 мм³қанша эритроцит болады? ( 4, 5 – 5 млн)

7. Қалыпты жағдайдағы қанның құрамындағы гемоглобин мөлшері

8.Карбоксигемоглобин қандай жағдайда түзіледі.

Жаңа сабақ: Ой –қозғау

Лейкоциттер дегеніміз не? Жеке, жұпппен, топпен ой –бөлісу.

Мағынанытану.

Ойтолғаныс.ббб- кестесі

Білемін


білдім

Білгім келеді

Жуан және жіңішке сұрақтар

Автор орындығы

Үйге тапсырма: §31 кесте толтыру

Бағалау:


Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: 
1) түйіршікті (гранулоциттер): эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер, олардың өмір сүру ұзақтығы 30 сағаттан астам, бұл жасушалар сүйек кемігінде түзіледі. 
2) түйіршіксіз (агранулоциттер): моноциттер мен лимфоциттер, қандағы өмір сүру ұзақтығы – 40 сағат, ұлпаларда – 3 аптаға дейін, сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, көкбауырда түзіледі. Олар шығу тегіне және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді.

Эозинофилдер (1-4%) нәруыз тектес улы заттарды және бөгде нәруыздарды жойып, залалсыздандырады. Базофилдер (0-1%) протоплазманың құрамында гепарині бар түйіршіктер, сондықтан, қабыну ошағында қанның қоюлануына кедергі болып, жазылу үдерісіне ықпал етеді. Нейтрофилдер (70%) өмір сүру ұзақтығы 13 тәулікке жуық. Олардың басты қызметі – фагоцитоз және бөгде жасушаларды жасуша ішілік қорыту. Өзінің айтарлықтай үлкен өлшемдеріне қарамастан, нейтрофилдер қылтамыр эндотелийлерінің қабырғалары арқылы өту және ұлпалардағы микробтардың енген жерлеріне белсенді қозғалыспен жету қабілетіне ие. Микробқа жеткен кезде нейтрофилдер оларды қармап, қорыта бастайды. Бұл үдеріс «фагоцитоз» деп аталады (И.И. Мечников сипаттаған үдеріс). Бір ғана нейтрофил 15-20 бактерияға дейін қармай алады. Алайда, бұл жағдайда өзі өледі. Олардың саны қабыну үдерістері кезінде күрт өседі. Олар қабыну ошағына бірінші болып жетеді.

Моноциттер (4-8%) қаннан қабынған жерге енеді де, макрофагтар – алып фагоцит жасушаларына айналады. Лимфоциттер (21-35%) олардың өмір сүру ұзақтығы бірнеше жылды құрайды. Лимфоциттердің жарғақшаларында ағзаға келген заттарды тани алатын рецепторлары бар.
Каталог: uploads -> doc -> 058a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
058a -> Сабақ № Сыныбы: 9 Күні Сабақтың тақырыбы: Аспаздық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережесі
058a -> Коуч: Умбетова Айгүл Назарбеқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ІІ деңгейлі (негізгі) мұғалім
058a -> Есілбай жалпы орта білім беру мектебіндегі тәрбие жұмысының айлық жұмыс жоспары 2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет