5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет28/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабақтың деректі материалдары
Жер шарының тарихында бірнеше рет мұз басу-
лар болған. Соңғы мұз басу шамамен бұдан бұрынғы 
100 мыңнан 13 мың жылға дейінгі кезең аралығында 
орын алды. Жердің солтүстік жартышарында алып 
мұздық пайда болды, оның қалыңдығы 2 киломе-
трге жетті. Бұл кезеңді 
мұз басу дәуірі
деп атайды. 
Геология, география, биология, тарих саласының 
ғалымдары бірлесе зерттеп, оның нақты уақытын 
анықтады. Мұз басу солтүстік жартышарды 50 ен-
дікке дейін қамтыған. Бұл кезеңде өмір сүрген неан-
дертальдықтар тірі қалу жолындағы күресте жылы 
баспана салып, жылы киім киіп, қару-жарақтары мен 
өмір сүру дағдысын табиғи өзгерістерге қарай бейім-
деп, өзгертті.
Мұз басу дәуірінен кейінгі табиғаттағы өзгерістер, 
мұздың еруі мезолит дәуіріне сәйкес келеді. Мамонт, 
мүйізтұмсық сияқты ірі аңдар жойылып, ұсақ аңдар 
мен құстар түрі көбейді. Қазақстанда өте жақсы зерт-
телген мезолит тұрақтары аз. Олар 20-дан асады. Се-
бебі, мезолитте адамдар аңдардың үнемі жайылым 
ауыстыруына байланысты олардың соңдарынан 
көшіп отырған. Мезолитте еңбек құралдары өзгерді. 
Ұсақ аңдар мен құстарды аулау үшін еңбек құрал-
дарын өзгерту қажеттілігі туды. Бұл кезең адамдары 
микролит, садақ пен жебе, қайла, үшкір тас бекітілген 
тесе, қайықты ойлап тапты.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақтың мақсаты – оқушылар мұз басу 
дәуірінде адамдардың еңбек құралдарын, баспана-
ларын, киімдерін табиғи өзгерістерге орай бейімде-
генін біліп, адам өміріндегі өзгерістерді түсіне білуі. 
Оқушылар сабақ барысында орындалатын іс-әрекет-
тер арқылы адамдардың өмірінің өзгеруіне әсер ет-
кен негізгі фактор "табиғаттағы өзгерістер" болғанын, 
өзгерістердің ауқымдылығын, жер бетінің барлық ай-
мағында орын алғанын түсінеді.
Археологтар тапқан мезолит дәуірінің еңбек құрал-
дарының алдыңғы тақырыпта көрсетілген палеолит 
дәуірінің еңбек құралдарына қарағанда жетілгенін 
сипаттай алады. Сабақтың негізгі концептісі – "өз-
геріс пен сабақтастық". Сабақ барысында оқушылар 
екі дәуір арасындағы еңбек құралдары мен қару-жа-
рақтарында, баспана, киім-кешектерінде болған өз-
герістерді түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет