Оқу мақсаты
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің
құрылуын түсіндіру.
Тірек сөздер
хроника
этнос
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Қайдар Ә.М. Қаңлы (тарихи шежіре). – Алма-
ты, 2004.
4. Мұхамедханұлы Н. Қаңлы мемлекеті және
оның мәдениеті //Жұлдыз, 2000.
Оқулық: Қаңлылардың қоғамдық құрылысы,
114-115-бет.
Зерттеу сұрағы:
Сыма Цянь қаңлы қоғамын
қалай сипаттады?
Сабаққа дайындық
Каңлы мемлекеті белгіленген карта.
Сабақтың деректі материалдары
Қытайдың жылнамалық жинақтарының ішіндегі
ең көнесі – Сыма Цянь жазған «Ши цзи (Тарихи жаз-
балар). Бұл еңбектегі "Хұндар" және "Давань-Ферға-
на" тарауларында Қытайдың солтүстік батысын алып
жатқан Хұн империясы мен Орталық Азияда өмір
сүріп жатқан елдер жөнінде құнды ақпарат берілген.
Б.з.д. І ғасырда қаңлылардың шығыстағы шегара-
сына үйсіндер қысым жасады. Сол кезеңде үйсіндер-
ге де, Қытайға да қарсы тұратын күшпен бірігу қажет
болды. Қаңлы билеушісі ғұн әміршісі Чжи Чжиге қы-
зын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептеріндегі жер-
лерді бөліп береді. Алайда, олар қанша күш біріктірсе
де үйсіндерді біржолата жеңе алмады. Қаңлы шарт-
тарын Чжи Чжи орындай алмағандықтан, ғұн және
қаңлы билеушілерінің арасында қақтығыс орын
алды. Нәтижесінде Чжи Чжи қаңлы билеушісінің қы-
зын, атақты адамдарын және жүздеген қарапайым
адамдарды өлтірді.
ІІІ–V ғасырлардағы қытай деректемелерінде ай-
тылғандай, қаңлылар кейіннен Орта Азиядағы, Арал
өңіріндегі иеліктеріне үстемдік етуінен айырылып,
бірқатар тәуелсіз иеліктерге бөлініп кетеді. V ғасыр-
да ол император сарайына елшілік жіберген елдер
тізімінде ғана белгілі болды.
Біздің заманымыздағы І мыңжылдықтың орта
шенінен бастап Ортаңғы және Төменгі Сырдария
ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. Оған
түркі тілдес тайпалар басып кіреді. Қытай тарихнама-
сындағы бір деректе қаңлы тұрғындарын сипаттаған-
да оның мәдениетінің көшпелі сипатына баса назар
аударып, "көшпелі иелік" деп атаса, енді бір жерде
қаңлы халқы балшықтан соққан қорған ішінде тұра-
тындығы сипатталған.
(e-history.kz сайтындағы материалдарға сүйеніп
құрастырылған ақпарат.)
Достарыңызбен бөлісу: |