Қаңлылардың тұрмысын сипаттаңдар Оқушыларға Көк-Мардан қаласынан табылған
тұрғын үйдің археологиялық қазба күйіндегі суретін
көрсетіңіз. Қаңлы тұрғын үйінің суретімен мұқият
танысқан оқушыларды жұптарға бөліңіз. Оларға ар-
найы дайындалған кеспеқағаздарды үлестіріңіз.
Үйлер әдетте бір
бөлмелі болған.
Бұрыштарына су
мен азық-түлікке
арналған ыдыстар
қойылған. Ыдыстар
қабырғалардың
жанында тұр.
Бөлмеде
адам жататын
аласа сәкілер
орнатылған.
Көше жақтан
баспалдақ
арқылы кірген.
Ортасында
тікбұрышты
жерошақ болған.
Тапсырманы бірнеше бағытта түрлендіруге болады.
1. Бұл кеспеқағаздағы ақпараттар тұрғын үйдің
әрбір құрылысына сипаттама жасайды. Оқушылар
осы ақпараттардың қай жерді сипаттап тұрғанын
анықтауы қажет. Бұл тапсырманы орындауға 3 ми-
нут берген жеткілікті.
2. Қаңлы тұрғын үйін қазіргі жабдықталған пә-
тер бөлмесімен салыстыруды ұсыныңыз. Екі ұқсас-
тығы мен екі айырмашылығын анықтауға мүмкіндік
беріңіз. Оқушылар ұқсастықты табу арқылы қаңлы-
лардың тұрғын үйлерінің қазіргі қалалардың баста-
масы болғандығына көз жеткізе алады.
3. Қаңлы тұрғын үйінде жерошақтың ортада болу
себебін анықтайтын зерттеу жүргізіңіз. Жерошақтың
қасиетті орын екенін анықтаған оқушылар, оның се-
бебін түсіндіреді.
Жауаптары. Оқушы суретке, тиісті ақпаратқа сүйе-
не отырып, мүмкін жауаптарды ұсына алады: "
Тұрғын үй қарапайым түрде салынған. Өмір сүруге барлық жағдайлар жасалған. Жерошақ, жататын сәкі ор - натылған. Ыдыс сақтайтын жерлері де қарасты - рылған. Жерошақ – оттың қасиетті орыны, тамақ бөлменің ортасында дайындалған. Жерошақ үйдің жылуын сақтау үшін де пайданылған. "