5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет179/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
Оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушылардың 
алған білім, дағдыларын тиісті түрде бағалау қа-
жет. Бірнеше тапсырманы оқушы қабілетіне қарай 
түрлендіріп, қалыптастырушы бағалауға жағдай 
жасауға болады. Тапсырманы оқушы қабілетіне 
байланысты түрлендіретін болсақ, «Қалаларды ор-
наластырыңдар» тапсырмасын келесідей бағалауға 
болады. Қабілеті жоғары оқушыларға бұл тапсыр-
мада жетекші қызметін ұсынуға болады. Өйткені, 
жетекші болған оқушы картаны визуалды көре ал-
майды. Оған қоса, сипаттаманы толық жасап, қазіргі 
және ежелгі Қазақстан картасын салыстыра отырып, 
Ұлы Жібек жолының қазіргі аумағын нақты көрсету 
керек. 
Қосымша тапсырма
Оқушыларға қаңлы қалалары мен елді мекендері 
көп болғандығын анықтау үшін дәлел іздеуге тапсы-
рма беріңіз. Тапсырма оқушылардың жеке ізденісін 
талап етеді. Көк-Мардан секілді қалалар басқа жер-
лерде болды ма? Болса қандай? Бұл қалалар Жібек 
жолы бойында орналасты ма? Осы сұрақтар төңіре-
гінде оқушылар зерттеу жүргізеді. Зерттеу талабы: 
археологиялық ізденіс нәтижесінде табылған қала-
ны ата, фотосуретін анықта, табылған олжаларын 
сипатта, Көк-Мардан қаласымен салыстыра отырып, 
оның айырмашылығы мен ұқсастығын тап. 


112
4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
4.2.
Қаңлылардың қалалық мәдениетінің
дамуы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуының алғы-
шарттарын анықтау. 
Тірек сөздер
арық
айырбас
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра 2010.
2. К.М. Байпаков. Л.Б. Ерзакович. Древние горо-
да Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1971.
3. Жанайдар О. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. 1 том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 
2006.
4. Мұхамедханұлы Н. Қаңлы мемлекеті және 
оның мәдениеті // Жұлдыз. 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет