Қалалардыорналастырыңдар Қаңлылардың Ұлы Жібек жолының басты тар-
мақтарына өз бақылауын жүргізгендіктеріне баса
назар аудартыңыз. Кейін мемлекеттің аумағы көр-
сетілген 3-суретті пайдалана отырып, Жібек жолы-
ның тармақтарын көрсетіңіз. Сынып алдында жал-
пылама ақпарат бергеннен кейін сыныпты топтарға
бөліңіз. Әр топ оқушыларының бір суретші, екі ха-
бар тасушы ретінде бөлінуін сұраңыз. Топтағы екі
хабар тасушы кезектесіп, Қазақстанның қазіргі саяси
картасын қарайды. Картада орналасқан қазіргі об-
лыстар, қалалармен мұқият таныса отырып, сурет-
шіге хабарлайды. Ол ежелгі қаңлы аумағында қазіргі
қай қалалардың орын алғанын белгілейді. Оқушы-
лардың жұмысы тиімді болу үшін, белгілі бір уақыт
мөлшері мен қала санын белгілеңіз. Мысалы, 5 ми-
нуттың ішінде 4 қаланы анықтау.
Жауаптары. Қазіргі
Қазақстан
қалалары:
Түркістан, Тараз, Шымкент, Қызылорда.
Тапсырма Оқушылар тиісті мәтінмен таныса отырып, қаңлы-
лардың басқа елдермен саяси байланыс жасау та-
рихын қарастырады. Қаңлы тайпаларының сауда
жолын толық бақылауда ұстау үшін көрші елдермен
үнемі күрес жүргізуге мәжбүр болғандығына көз
жеткізеді. Оқушылар Қаңлы мемлекетімен байланыс
жасаған екі елді ажыратуы тиіс. Қаңлы елінің Қытай-
мен байланыс жасау себебін анықтаңыз. Сыныпты
топқа бөліңіз. Әр топта бір оқушы эксперт болуы
тиіс. Тақырып бойынша топқа ақпарат ұсынылады.
Мысалы, мына үлгідегі ақпарат: "Қытайдың Батыс
елдеріне шығаратын экспортының дәстүрлі негізі
жібек болғаны мәлім. Бір өкініштісі, жібек маталары-
ның болуы туралы археологиялық мәліметтер өте аз.
Бұл материалдар жер астында сақталмайды. Жібек
маталарының кесінділері қаңлыларда көршілес Да-
вань жеріндегі Қарабұлақ қорымының қабірлерінде
жақсы сақталған. Жетіасар қорымдарынан табылған
олжаларда жібек киімдерінің қалдықтары бар". Кей-
ін эксперттер өз топтарына келіп, қалған оқушы-
лардың қойған сұрақтарына жауап беру арқылы
ақпаратты меңгертеді. Экспертке қойылатын басты
сұрақтарды қоя отырып, нақты әрі қысқа жауапты
алуға тырысыңыз. Кейін топтағы оқушылар өзара
ақылдаса отырып, ортақ қорытынды шығара алады.
Жауаптары. Қаңлылар Қытай елі тарапынан
болған саяси қысымнан құтылу үшін, ғұндармен
құдандалық байланыс жасайды. Чжи Чжиге қаңлы
билеушісі өз қызын ұзатады. Чжи Чжи тарапынан
талаптар орындалмай, қаңлылар өзара одақтасу
шартын бұзады. Сондықтан мемлекет қытай-үйсін
қысымынан толықтай құтыла алған жоқ.