5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет174/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар өткен тақырыпта үйсін мемлекетінің 
аумағын және қоғамдық-саяси жүйесін қарасты-
рған. Бүгінгі сабақта үйсін қоғамындағы топтардың 
бөліну ерекшелігімен, көрші елдермен қандай қа-
рым-қатынаста болғандығымен танысады. Оқушы-
лар жұпқа, топқа біріге отырып, берілген ақпараттар 
мен тапсырмалар арқылы тақырыптың мазмұнын 
анықтайды. 
Түйіндеңдер 
Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Әрбір жұпқа әлеу- 
меттік теңсіздік тақырыбына қатысты бір деректер 
таңдап алуды ұсыныңыз. Оқулықта үш қытай де-
регінен үзінді келтірілген. Ұсынылған деректерден 


4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
109
үйсіндердің тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын тұжы-
рымдарды анықтауы тиіс. 
Жауаптары. 
Қарапайым және ауқатты топтар-
дың киім-кешектері әртүрлі. Шонжарлардың қан-
шалықты бай болғанын жібек матадан тігілген киімі-
нен анықтауға болады. Олар сол матаны Қытайдан 
жылқыға айырбастап алдырған. Осы арқылы үйсін 
тайпаларының мал шаруашылығымен айналысқа-
нын анықтауға болады.
Ақпаратты салыстырыңдар
Үйсін-қытай, 
үйсін-ғұн 
қарым-қатынастары-
ның сан түрлі бағытта орын алғанын көрсететін екі 
маңызды дерек ұсынылған. Осы ақпаратты талдай 
отырып, екі елмен байланыс жасаудағы ерекшелік-
терді анықтайды. Оқушының тапсырманы орындау 
барысында берілген суретке назар аударуға мүм-
кіндігі бар. Сол арқылы ол Үйсін мемлекетінің қай 
елмен байланыс жасағаны ұтымды болатындығына 
көз жеткізеді. Тапсырманы жұппен орындаған тиімді. 
Алдымен деректерді жұппен талқылайды, кейін өз 
ойын қорытындылап, шешім шығарады. Одан кейін 
деректер негізінде үйсіндердің саяси аренадағы ба-
сымдылығын сипаттайтын ақпараттарды анықтауға 
тапсырма беріңіз. Тапсырманы нақтылау үшін де-
ректерді талдау барысында үйсін мемлекетінің сая-
си аренадағы орны қандай екенін тағы бір сұраңыз. 
Сол арқылы саяси басымдылығын қай мағлұматтан 
көріп тұрғанын анықтатыңыз. Кейін неліктен осы 
фактіге сүйенгенін сұраңыз.
Жауаптары. 
Сұраққа жауап беру кезінде 
Чжань-Цянның дерегіне баса назар аударған жөн. 
Оның: «Үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сый-
лық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы 
атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды 
ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, 
ғұндарға қарсы қолдануға болады», – деп келтірген 
фактісі нақты жауап беруге көп көмегін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет