4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
107
Қытай ханшайымының суретін, үйсін мемлекетінің
картасын іліп қойыңыз. Оқушылар "Қытай елінің та-
рихшылары мен ханшайымының үйсін мемлекетіне
қандай қатысы бар? Неліктен осы елдің тарихшыла-
ры көп мәлімет қалдырған?"
деген сұрақтарға жау-
ап бере отырып, қандай деректер шынайы ақпарат
беретіндігі туралы өз пікірлері бойынша қорытынды
жасауы қажет. Кейін сабақтың тақырыбы мен оқу
мақсаттарын, нәтижелерін оқушыларға ұсыныңыз.
Анықтаңдар
«Аққу әні» жырында ханшаның көңіл күйімен қа-
тар, өзі ұзатылған үйсін тайпасының тұрмыс-тіршілігі
баяндалады. Ең алдымен жырда ханшайым үйсін-
дерді қалай сипаттағандығына назар аудартыңыз.
Мысалы:
Олар дөңгелек үйде тұрады,
Айнала орап киізбен.
Жейтіндері ет қана,
Ішетіндері сүт қана.
Осы өлең жолдарында үйсіндердің тұрмыс-тір-
шілігі мен шаруашылығына қатысты ақпараттар бар.
Қоғамды сипаттаңдар
Алдымен оқушылардың назарын мәтінге байла-
нысты берілген «Қоғамдық құрылыс» (3 сурет) суреті-
не аудартыңыз. Бұл тірек-кестеде басқарудың сатылы
жүйесі көрсетілген. Оқушы осы арқылы мемлекеттегі
лауазым иелерімен таныса отырып, күрделі иерар-
хиялық басқарудың орын алғандығына көз жеткізеді.
Тірек-кесте негізінде мынадай тапсырма ұсы-
нуға болады. Сыныпты топқа бөліңіз. Оқушылар,
алдымен, басқару жүйесінің құрылымын, одан соң
басқа мемлекетте маңызды рөл атқаратын лауазым-
ды адамдарды анықтайды. Оқушылар бекті не руба-
сыларды таңдауы мүмкін. Ал кейбіреулері қарапайым
адамды алуы мүмкін. Бұл жерде билік иесінің қанша-
лықты жоғары орналасуы емес, мемлекетте маңыз-
ды, аса көп қызмет атқаруын қарастыру керек. Үйсін
мемлекетіндегі басқару жүйесінің өзіндік ерекшелігін
талдайды. Әр топ өз жауаптарын ортаға ұсынады.
Тапсырманы оқушыларға әртүрлі формада ұсына
аласыз:
• мемлекеттегі лауазымды тұлғалардың қызмет-
терін сипаттайды;
• басқару жүйесінің күрделі екендігін көрсететін
арнайы сызба жасайды;
• лауазымды тұлғалардың қызметі көрсетілген
оқиға желісі құрастырылады. Рөлдік ойын сценарийі
ұсынылады.
Жауаптары.
Мысал ретінде таңдаған тұлғалар –
қарапайым адамдар. Олар мемлекетте маңызды рөл
атқарады. Өйткені, мемлекеттің негізгі байлығы – жер
және мал. Ал малды күтіп, жерді өңдейтін адамдар
бұл – қарапайым егіншілер мен малшылар.
Достарыңызбен бөлісу: