4.
Үйсіндер мен қаңлылар
Тарау мақсаттары
• үйсін мен қаңлылар мемлекеттік бірлестік-
терінің құрылу алғышарттарын білу;
• үйсін мен қаңлылардың қоғамдық құрылысын
анықтау;
• әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;
• үйсін, қаңлылардың көрші елдермен қарым-қа-
тынасын анықтау;
• Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру;
• ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерек-
шеліктерін сипаттау;
• көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан
үлесін түсіну.
Негізгі дағдылар
Оқушылар:
• түрлі деректерден тақырыпқа сәйкес қажетті
ақпараттарды анықтап, қолдануды, тұжырым жасау-
ды;
• мемлекеттердің аумағын, маңызды география-
лық нысандарын картадан көрсетуді;
• археологиялық ескерткіштердің ұқсастықтары
мен ерекшеліктерін анықтауды;
• археологиялық олжалар арқылы тайпалық бір-
лестіктердің өмірі, мәдениеті мен дүниетанымын
түсіндіруді;
• өз пікірлеріне дәйектер келтіруді;
• мәтінмен жұмыс жасауды, оның негізгі идеясын
анықтауды үйренеді.
Қосымша әдебиет
• Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.
I том. – Алматы, 2010.
• Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах,
обитавших в Средней Азии в древние времена.
(Научное издание) – Т.1. – ТОО «Жалын баспасы»,
1998.
Ойланып көрейік
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда Орталық Азияда жаңа мем-
лекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Қаңлы мем-
лекеттері қалыптасты. Үйсіндер мен қаңлылар туралы
мәліметтер көбінесе қытай жазбаларында кездеседі.
Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.д. II ғасырдан
бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары
шашты» болып бейнеленеді. Олардың ордасы Қызыл
Аңғар (Чигучен) қаласы, Ыстықкөл мен Іле өзенінің
оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Қытай жаз-
баларында үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақша-
мен де шұғылданбайды, шөбі мен суы мол жерлерді
таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға
көшіп жүреді» деп сипатталған. Сырдария бойын-
дағы аймақта Қаңлы мемлекеті б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда
құрылған. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің
күшеюінен болған. Қытай деректерінде олардың тай-
палық одағы 120 мың отбасы немесе шамамен 600
мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгері болған деп
мәлімдейді. Екі басты қаласы – жазғы және қысқы
астаналары болғандығын жазады.
«Ұлы Жібeк жолын бaқылaу қаңлыларға қандай
мүмкіндіктер берді?» деген сұрақты талдау барысын-
да халықаралық сауда жолы туралы оқушылармен
шолу жасап кеткеніңіз жөн. Ұлы Жібeк жолын бaқылaу
қаңлыларға белгілі бір мүмкіндіктерді берді. Оқушы-
лар өз жауаптарында қаңлы тұрғындарының халықа-
ралық саудаға қосылғанын алыстағы қолөнер орта-
лықтарында дайындалған заттардың табылғандығы
дәлелдейді деп атап өтеді. Оларға: түрлі түсті шыны-
лардан жасалған моншақтар, нефрит бұйымдары,
қола айналары жатады. Сырдария бойы, Арал өңірі
аймақтарының ескерткіштерінде бір мезгілде Қара
теңізден, Ираннан, Сириядан, Үндістан мен Қытайдан
әкелінген заттардың кездесуі ерекше назар аудартады.
«Археологиялық ескерткіштер үйсін, қаңлы мә-
дениеті туралы қандай мәліметтер береді?» деген
сұрақты қарастырған уақытта дәлел ретінде келтіріп
өтетін ескерткіштерді атаса жеткілікті. Оқушылар бол-
жаммен үйсін, қаңлы тайпаларының мәдениеті тура-
лы қандай археологиялық олжалар арқылы мәлімет
алуға болатынын сипаттап өтеді. Ал археологиялық
ескерткіштер арқылы үйсін, қаңлы тайпаларының мал
шаруашылығы және егін егумен қатар қолөнердің
дамығанын анықтайды. Мысалы, тоқымашылық, жіп
иіру, тері өңдеу, қыш ыдыстар жасаудың кең тараға-
ны белгілі болды. Тастан, металдан, сүйектен әртүрлі
еңбек құралдарының жасалуы тайпалардың шару-
ашылықтың бірнеше саласын игергенін көрсетеді.
106
4-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |