Жауаптары.
Дерек А:
көрші елдермен байланыс,
күш көрсету.
Дерек Ә:
көрші елдермен байланыс, әдет-ғұрыпты
қатаң сақтаушылар.
Бағалау мүмкіндіктері
Тақырыпты меңгеру кезінде оқушының қандай
нәтижеге қол жеткізгенін қалыптастырушы бағалау
арқылы
анықтаймыз.
Мысалы,
«Деректерді
талдаңдар» тапсырмасында оқушылар сөздерді
тиесілі дерекке сәйкестендіріп, өз жауабын түсіндірсе,
мақсатқа жетті деп есептейміз.
Қосымша тапсырмалар
1. Оқушы тапсырманы орындау барысында, ал-
дымен, мәтінмен танысады. Мәтіндегі негізгі ақпа-
ратты оқиды. Оқушыларға мәтінмен қатар қаңлы
тайпалары туралы дерек ұсыныңыз. Деректе қаңлы
мемлекетінің аумағы, көрші жатқан елдер сипаттала-
ды. Берілген кеспеқағаздағы нөмірге қарай топтарға
бөлінеді. Оқушылар деректегі ақпаратты мұқият
оқып шығып, Сыма-Цянь еңбегіне қатысты тиісті
сұрақтарға жауап береді. "Дерек не туралы? Осы ең-
бекте қаңлылар туралы мәлімет неге берілген?" деген
сұрақтар арқылы топ арасында талқылау жүргізілуі
тиіс. Кеспеқағаздағы сұрақтарды пайдалана отырып,
оқушы өз тобына барғанда қалай тексеру керектігін
ақылдасады. Сұрақтар арқылы білімдерін тексере
отырып, егер екі түрлі пікір туындаса пікірлестер тобы
құрылып, спикер арқылы өздерінің ойларын ортаға
салады. Бастапқы топқа қайта жиналып, ортақ пікірге
келеді. Барлық пікірлерге қорытынды жасайды.
Жауаптары.
Сыма Цяньның «Ши цзи» («Тарихи
жазбалар») еңбегіне қытай тарихымен қатар, көрші
елдер туралы мәліметтер кірген. Қытай мемлекеті ба-
тыс өлкемен, оның ішінде Қаңлы елімен тығыз саяси
және сауда байланыстарын орнатуға мүдделі болды.
Қаңлы мемлекеті сол кездегі Орталық Азиядағы күшті
мемлекеттердің бірі болды.
2. Сынып оқушыларын екі топқа бөліңіз. Бірінші
топты ішкі шеңберге, екінші топты сыртқы шеңбер-
ге орналастырыңыз. Ішкі шеңбердегілер орындыққа
жайғасады, ал сыртқы шеңбердегілер музыка әуе-
німен шеңберді айналады. Музыканы тоқтатқан
кезде, сыртқы шеңбердегілер өз тұсына отырады.
Оқылған материал бойынша (қаңлы қоғамы туралы)
сыртқы шеңбердегілер айтады, іштегілер тыңдайды
(3-5 минут). Жұптасып, бірінің сұрағына жауап беріп,
диалог құрастырады және тағы да музыка қойып,
қайталайсыз. Ішкі шебердегілерді сыртқы шеңберге
шығарып, орнын ауыстырасыз. Кейін қосымша де-
ректерді беріп, мұқият танысуын сұраңыз. Оқушы өз
ойларымен деректі салыстырады да, кестеге түсіреді.
V – өзім білдім;
+ – ойыма сәйкес;
• – қарама-қайшы.
Немесе «Тарихи кейіпкерге мінездеме» тапсырма-
сын ұсынып көріңіз. Кейіпкерге мінездеме жазу үшін:
1) сол кейіпкер өмір сүріп отырған дәуірге толық
сипаттама жазу;
2) кейіпкердің өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;
3) тарихи орны, іс-әрекеті, негізгі тұлға ретіндегі
қызметі. Тарихи кейіпкерге мінездеме жазған кезде
ең маңыздысы оқушының өз пікірі болуы керек.
116
4-тарау.
Достарыңызбен бөлісу: |