Сипаттама беріңдер
Оқушылар мәтін соңындағы дерекке назар ауда-
руы тиіс. Дерекпен жұмыс барысында шаруашылық
түрлерін анықтайды. "Құлдар кімдер, олар шару-
ашылықтың қай түріне пайдаланылған?" Деректе
қаңлы шаруашылығы – егіншілік және мал шару-
ашылығына қатысты ақпараттар жинақталған. Ал-
дымен оқушылардан қай шаруашылық түрі сипатта-
лып тұрғанын сұрайсыз. Кейін осы шаруашылықтың
қай түріне құлдарды пайдаланғанын талқылатыңыз.
Оқушы мәтіндегі, деректегі ақпаратқа сүйене оты-
рып, өз жауаптарын ұсынады. Мұнда жай шару-
ашылықтың түрін сұрап қана қоймай, неліктен сол
шаруашылықпен айналысқанын нақтылатыңыз.
Жауаптары
. Көшпелі мал шаруашылығы жұмыс
күшін көп қажет етпейді. Құл еңбегінің қолданылған
саласы – үй шаруашылығы (ұсақ малды күту, мал
өнімдерін өңдеу).
Бұл тапсырманы келесі формада түрлендіруге бо-
лады. Әр топқа деректерді бөліп беріп, олар жалға-
сын келесі топтан біледі. Аяғында сынып толық де-
ректі біліп, ортаға бір топ шығып, қысқаша толық
мәлімет айтады.
Постер дайындаңдар
Тақырыптағы негізгі ақпараттарды меңгергеннен
кейін оқушылардың алған білімін қорытындылайсыз.
Оқушыларға мынадай сұрақтарды қойыңыз: "Қытай
тарихшысы Сыма Цянь Қаңлы мемлекеті туралы қан-
дай ақпарат қалдырды?" Оқушы бұл сұраққа жауап
беру үшін алған білімдеріне қайта шолу жасайды.
Қытай дерегі басқару жүйесіне, әлеуметтік топтарға,
мемлекет аумағына, мемлекеттің құрылуына қатыс-
ты ақпараттарды көрсетеді. Кейін қаңлы қоғамын-
дағы әлеуметтік топтарға қатысты постер жасауға үй
тапсырмасын беріңіз. Постер жасаудың критерий-
лері, атап айтқанда, карта көлемі, тірек-кестенің бо-
луы, әлеуметтік топтардың сатылы орналасуы, олар-
дың қызметі көрсетілуі қажет.
Бағалау мүмкіндіктері
Нақты білімді тексеруге арналған тапсырма
ұсынғыңыз келсе, берілген кестені толтыруды ұсы-
ныңыз. Кестеде Қаңлы мемлекетіне қатысты оқушы
есінде қалған ақпараттар жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |