5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет188/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқушылар өткен тақырыпта қаңлы мемлекетінің 
аумағын және көрші елдермен байланысты саяси 
тарихын қарастырды. Бүгінгі сабақта қаңлы мемле-
кетіндегі басқару жүйесімен және шаруашылығымен 
танысады. Оқушылар жұптарға, топтарға біріге оты-
рып, берілген ақпараттар мен тапсырмаларды орын-
дау арқылы тақырыптың мазмұнын анықтайды. 
Сабақтың тарихи концептісі "дәлел" болғандықтан, 
тақырып бойынша бірнеше дерек ұсынылады.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын тақтаға тірек 
сөздер жазылады. Мысалы, егіншілік, басқару жүй-
есі, қолөнер және т.б. Осы сөздер туралы оқушылар 
ойлана отырып, анықтама береді. Көршісімен ақыл-
дасып, пікірлеседі. Тақырып бойынша мәтінді оқиды. 
Мәтінді оқи отырып, оның мазмұнын түйіндейді. 
Ұқсастықты табыңдар
Тапсырманы орындау барысында сыныпты топқа 
бөліңіз. Топқа мәтінді оқуға жетелейтін 3 сұрағы бар 
кеспеқағаз таратылады. Сұрақтары бірдей адамдар 
бір жерге жиналады да, өздерінің тобына қайтқанда 
осы сұрақтардың жауабын қалай түсіндіру керекті-
гін ақылдасады, жоспар жасайды. Түсіндірудің тиімді 
жолын қарастырады. Бастапқы топқа келіп келісіл-
ген әдіспен түсіндіреді. Дәл осындай әдіспен топтар 
бір-бірінің білімін тексеріп отырады. Ол үшін әр топ 
өздерінің көзқарастарын дәлелдейтін ақпараттар, 
фактілер жинақтайды. Әр топтан спикер шығып, 
дәлелденген ойды қорғайды. Осы дәлелдеулерден 
кейін көзқарастары өзгергендер болса, келесі топқа 
ауысады. Оқушылар бастапқы тобына қайта жина-


4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
117
лып, мәліметтерді толықтырып, өзінің пікірін дәлел-
дейді. Екі пікірдің де дұрыстығы дәлелденуі қажет. 
Кейін топтағы оқушылар үйсін және қаңлы мем-
лекетінің басқару жүйесіндегі ұқсастық пен айыр-
машылықты анықтайды. Ақпаратпен таныса отырып, 
үйсін мемлекетіндегі басқару жүйесін еске түсіреді. 
Венн диаграммасы арқылы екі мемлекеттегі басқару 
жүйесін салыстыруға болады. 
Жауаптары
. Үйсін және қаңлы мемлекеттерінің 
басқару жүйесіндегі басты ұқсастық – биліктің мұра-
герлік жолмен берілуі, ал айырмашылық – қаңлы 
мемлекетінің бес иелікке бөлініп, кіші патша арқылы 
басқарудың жүзеге асуы. Басқа да жауаптар болуы 
мүмкін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет