Сабақтың тақырыбы: Медеу Сәрсеке «Рәсім» Жалпы мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру



Дата18.12.2021
өлшемі0,97 Mb.
#102934
түріСабақ
Байланысты:
3 сынып Әдебиеттік оқу қмж
3 сынып Әдебиеттік оқу қмж, 3 сынып Әдебиеттік оқу қмж

Күні:




Сыныбы:

3 «Ә»

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Пән мұғалімі:

Әбсаттар Нұрбибі

Сабақтың тақырыбы:

Медеу Сәрсеке  «Рәсім»

Жалпы мақсаттары:

Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.

Мәтіндегі негізгі ойды түсініп оқып, мазмұнын баяндай білуге үйрету. Сөздік қорын байыту. Ұқыптылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.



Оқу нәтижесі

  • Мәтіндегі негізгі ойды біледі.

  • Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді.

  • Мәтіннің мазмұнын баяндай алады.

Негізгі идеялар

Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады

Тапсырма көздері

  • Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары

  • Сыни тұрғыда мәтінді талдау

  • Ашық сұрақтар беру

Сабақтың көрнекілігі

Автор суреті, смайликтер, суреттер,

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақ барысы

Жоспарланған кезең

Жоспарланған іс -әрекет

Сабақтың басы

3 минут


Психологиялық дайындық

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Сәлем беріп құрметпен

Бас иеміз ...біз


Үй тапсырмасын сұрау

10 минут



« Рәсім» тақырыбын оқыту.

Мазмұнын сұрау.

Қосымша сұрақтар қою.

Бағалау

«Сұрақ - жауап» әдісі арқылы бекіту


Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

1 минут

8 минут


1 . Медеу Сәрсеке туралы әңгімелеу.

Медеу Сәрсеке (02.01.1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қайнар ауылы) - жазушы. Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1958 - 1959 жылдары "Жас Алаш" газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, 1963 - 1965 жылдары "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі. Жазушы Қаныш Сәтпаевты 40 жылдан аса уақыт зерттеген.



2. Мәтінді түсініп оқу. Талдау жасау

Жас Қаныштың әр жылы, оқудан келген сайын міндетті парызындай көріп, ыждағатпен орындайтын бір рәсімі-үлкендерге сәлем беру.

Ол Арқаның атақты әншісі, сазгері Жаяу Мұса Байжанұлына арнайы барып сәлем береді. Бұған Қаныш қана емес, қарт әншінің өзі де үйреніп алған-ды. Мерзімді күнінен кешіге бастаса, «Имекеңнің кенжесі келіп пе екен, нәзік бала еді, оқудан ауырып қалмады ма екен?» деп сұрау сала бастайды.Тіпті шыдамы таусылса, қырық шақырымдағы Далбадан ерінбей жетіп те келетін

Сөздікпен жұмыс

Рәсім-әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің көрінісі.

«Суреттер сөйлейді» әдісі



  • -Берілген сурет мәтіннің қай бөліміне сәйкес келеді?

  • Мәтін бойынша өзің қандай сурет салар едің?

  • Жаяу Мұса кім?

Сабақтың соңы

10 минут


Берілген тақырыптармен қай бөлімді атар едің?

Әр бөлімнің өзің қандай ат қояр едің? Сызбаны толықтыр.




Бөлімдердің атауы

Бөлімдер

Өзің қандай ат қояр едің?

Ашулы көк қаршыға

1




Қарт әншінің батасы

2




Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт

3




Сәлемдесу-адамгершілік белгісі

4



«Миға шабуыл» әдісі



  • Мәтін неліктен «Рәсім» деп аталған деп ойлайсың?

  • Қандай рәсімдерді білесіңдер?

Бағалау

2 минут


Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...

Маған өте қиын болғаны...

Маған ұнағаны... (ауызша рефлексия)


Үйге тапсырма:

1 минут


«Рәсім» түсініп оқу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет