260
тілінде еркін жеткізе алу, оқу материалдарын салыстыру, саралау, талдай алу;
Абай шығармаларындағы заман адамының тұлғалық ерекшеліктерін саралау
арқылы пәлсапалық толғаныстарын пайымдау, қажетті тұлғалық қасиеттерді, өз
заманына лайық тұлға болу қарекеттерін сыни пайымдау; «Абайды ұлтымыздың
мәдени капиталы» ретінде бағалау.
«Абайтану» пәнінің 5-11-сыныптар аралығындағы бағдарламасына білім
алушының жас ерекшелігі мен танымдық деңгейін ескере отырып, Абайдың
өлеңдері мен қарасөздері шиыршық әдісімен іріктілініп алынды.
Абайды зерттеуші М.Әуезотің, А.Байтұрсынұлының, К.Ысқақұлының,
А.Жұбановтың,
К.Жанатайұлының,
З.Ахметовтың,
М.Мекемтасұлының
еңбектері қосымша мәлімет ретінде ұсынылды.
10-11-сыныптарға
арналған «Абайтану» пәнінің базалық білім
мазмұнында:
Оқытылатын көркем шығармалар тізімінде Абайдың өлеңдері мен
қарасөздері, ұлы ақын туралы зерттеу еңбектерімен қатар Қ.Жұмалиев,
Қ.Мұхамедханов, Р.Сыздықова және т.б. ғалымдардың еңбектері қосымша оқуға
ұсынылған.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта
білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау,
оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының»
(өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығымен енгізілген )
12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен
артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.
Төменде «Қазақ тілі» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім
бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген (2.4-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: