257
Лнгвистикалық білім мәтінтану мен мәтін тудырумен тығыз байланысты.
Лингвистикалық білімді меңгерген оқушы ғана барлық жағынан сауатты
(орфографиялық, пунктуациялық, стильдік, т.б. қателері жоқ)
мәтін тудыра
алады және кез келген мәтінді логикалық жағынан да, стильдік, жанрлық
тұрғыдан да талдай алады.
«Абай мектептеріне» арналған жаңартылған
оқу бағдарламасындағы
грамматиканың берілуі: лексика-грамматикалық бөлім, грамматикалық
материал, сөйлеу әрекетінің түрлері және оқыту мақсаттарынан тұрады.
Мысалы:
лексика-грамматикалық бөлім:
1. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның
өткені мен келешегі. Шешендік сөздер.
Грамматикалық материал:
Ойталқы (диспут).
Ғылыми стильдің тілдік
ерекшеліктері.
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым,
әдеби тіл нормаларынан тұрады.
1) «Абай мектептерінде» грамматиканы оқытуда мәтінтануға үйрететін
міндеттер:
Мазмұнын тану. ҰМЖ-да мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр
деген сияқты мазмұнды түсінуге бағытталған жаттығулар құрастырудан тұрады
(бағдарламада нақты көрсетілген).
Стилі мен жанрын тануда әр стильге, әр жанрға тән тілдік қолданыстарды
ажырату үшін мәтін ішіндегі тіл құралдарын түстеп
таныту арқылы орта
мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар).
2) Мәтін тудыру дағдысын қалыптастырудағы айтылым бөлімінде:
айтылым кезінде ерін үндестігі мен буын үндестігін сақтау, сөйлеу техникасын
жетілдіру, сөйлеу мәдениетін сақтау арқылы шешендік өнердің қырларын
меңгерту (5-11).
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып,
қарапайым диктант, мазмұндама жазудан бастап түрлі стильдегі және жанрдағы
мәтіндерді (эссе) жазу дағдыларын жетік меңгеру. Мәтіндерді типтей білу (5-
11-сыныптар) берілген.
10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны:
мәтінтану, мәтінтудыру, әдеби тіл нормаларын сақтау, орфографиялық норма,
орфоэпиялық норма, пунктуациялық нормаға негізделіп құрылған.
«Абай мектептеріне» арналған жаңартылған оқу бағдарламасының
ерекшелігі бағдарлама лексикалық тақырыптарға негізделіп жасалған.
5-11-сыныптарға
арналған
оқу
бағдарламасында
ұлттық
құндылықтарымызды насихаттайтын лексикалық тақырыптар грамматикалық
тақырыптармен қатар көрініс табу арқылы
оқушылардың әдеби тіл
нормаларын толық меңгеруіне мүмкіндік беру көзделді.
Достарыңызбен бөлісу: