2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет45/176
Дата08.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#149024
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   176
Байланысты:
2022-2023-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-orta-bilim-beru-yymdarynda-ou-trbie-protsesin-yymdastyrudy-erekshelikteri-turaly-distemelik-nsau-khat

«Әліппе» оқу пәні
(оқыту қазақ тілінде) 
Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделген «Әліппе» пәнінің 
мақсаты – әріп таныту, оқуға, жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу 


72 
әрекетінің түрлерін үйретіп, ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны 
қалыптастыру. 
«Әліппе» оқу пәнінінің міндеттер жүзеге асырылуы тиіс:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік 
(ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру; 
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету; 
4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу 
дағдыларын қалыптастыру;
5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту
6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне 
құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру. 
 
«Әліппе» оқу пәнінің мазмұны
«Әліппе» 
пәні 
бойынша 
оқу 
жүктемесі 
аптасына
6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды. 
«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең –
12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдеріндегі міндеттер «Әліппе» оқулығы 
арқылы жүзеге асырылады. Оқулық бойынша дыбыстық мәніне қарай топталған 
әріптер ретімен оқытылады: 
1-тоқсан: әліппеге дейін – 12 сағат; 
(әліппе кезеңі) а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 
24 сағат.
ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен 
әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен 
оқытылады. 
«Әліппе» пәнінің базалық мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым 
мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған. 
Әліппе кезеңінде қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, 
дыбыстардың айтылуына жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. 
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы 
керек. 
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі 
кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант 
– 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 
сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі 
мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі 
ұйымдастыру ұсынылады. 
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 
30 сек – 1 мин. 


73 
Оқылым ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің 
басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі 
сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек. 
Жазылым ерекшелігі: 1 сыныптан бастап жазу жұмысына дайындық 
жаттығуларына аса мән берілуі тиіс. Жазу жұмысына дайындық:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің 
көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы 
кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, 
жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан 
шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу; 
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер 
құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық 
модельдерін құру; 
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші 
әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу; 
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің 
бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою; 
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін 
құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Әліппе кезеңінде жазба жұмыстарын (көркем жазу минуты) күнделікті 
жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім 
алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды.
«Әліппе» пәнін оқыту Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған күтілетін 
нәтижеге бағдарлануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет