74
«Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы ІІ
жартыжылдықта 114 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны:
негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
орфоэпиялық,
орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым
түсініктерінен;
балалар әдебиетінен (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет) құралады.
Оқылым материалының көлемі: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз,
ғылыми-танымдық мәтін көлемі – 20-30 сөзден тұрады.
Оқу дағдысының толыққанды қалыптасуы білім алушының оқу
жылдамдығы
кезіндегі оқу тәсіліне, оқығанын түсінуіне және оқу мәнерлігіне
тікелей байланысты болады.
ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына
25-30 сөз; шылау, одағай,
еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Ана тілі сабағында да жазба жұмыстарына, көркем жазу дағдысын
жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп: әр сабақта
әріп элементтерінің дұрыс
жазылуын;
әріптерді
бір-бірімен
байланыстыра
жазуын;
жазу
каллиграфиясының дұрыс қалыптасуын қадағалау әр мұғалімнің міндеті болып
табылады.
Жазба жұмыстарының көлемі:
сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20
сөз, мазмұндама – 15-25 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөзден көп емес,
шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (мұғалімнің көмегімен).
Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі
мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі
ұйымдастыру ұсынылады.
Ұсынылған критерийлер мен дескрипторларға сәйкес
мұғалім оқушылардың деңгейін анықтай алады.
Достарыңызбен бөлісу: