Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет92/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
182 
қабақтық міне осы Махмуд-Сұлтанның қолға түсуінен бастап бұрынғысынан да 
шиеленісе түседі. 
Қасым сұлтан мен Мұхамед-Мазит-тархан Сауранға кіргеннен кейін, Ақ 
Орданың бір кездегі екінші астанасын қайтып алғандарына шаттанып, жеңіс 
тойын тойламақ болды. Бұл тойға Бұрындық хан да келді. Қырмызы кілемге 
бөленген Махмуд-Сұлтанның диван сарайына орналасып, ақ мамық жастықты 
шынтақтай, күміс тай кесемен кестамды 
1
сіміріп отырып, өзінің өр мінезіне 
салып, ол нөкерлеріне лепіре: 
— Махмуд-Сұлтанды алып келіңдер, — деп бұйырды. 
Махмуд-Сұлтанның орнына әмір-эль-умера Қасымның өзі келді. 
— Махмуд-Сұлтанды неге әкел дедіңіз, тақсыр хан? — деді Қасым, ханға 
диван дәстүрімен тәжім етіп болғаннан кейін. 
— Тыныш жатқан қазақ елін шапқан да Махмуд-Сұлтан батыр ғой, — деді 
Бұрындық Қасымға жауар бұлттай түйіле қарап. — Батырлық әлде қатындық 
мінез көрсетер ме екен, көз алдымда оның басын алдыртайын деп едім. 
Қасым даусын көтермей салмақты үнмен жауап берді. 
— Басыбайлы сатып алған құл, не болмаса құнсыз кетер қан майданда 
кездескен ұл емес қой Махмуд-Сұлтан... Ол Әбілқайыр ханның немересі, Махмуд-
Шайбанидың жалғыз інісі. Оның басын алу үшін Тағанақ кеңесі жиналмаса да, 
Тұрымтай кеңесі жиналуы керек. 
Құлаған тезек қаптай боп, дөңкиіп ақ мамық жастықты шынтақтай жатқан 
төртбақ Бұрындық, кенет тез қимылдап шарт жүгініп отыра қалды. Қалың қабағы 
түксиіп, қанды көзі шатынап: 
— Махмуд-Сұлтан үшін Тағанақ кеңесі де, Тұрымтай кеңесі де мына мен 
өзіммін, — деді ол. 
Қасым әлі де болса ашуын баса, өзін-өзі тежей сөйледі. 
— Олай болса, марқабатты тақсыр хан, менің де әмір-эль-умера екенімді 
есіңізге алсаңыз деймін. Махмуд-Сұлтан менің олжам және менің шешем 
Жағанның апасы Аққозы-Бегімнен туған бөлем. Білгіңіз келсе, менің екі туып бір 
қалғаным... 
«Иә, солай екен ғой» дегендей Бұрындық төмен қарады. Енді оның даусы сәл 
сылбырлау шықты. 
— Сонда не қыл дейсің? Мойнында қазақ батырларының талай қаны бар 
Махмуд-Сұлтанды босатып жібер демексің бе! 
— Босатып жібер деп отырғам жоқ. Бірақ Махмуд-Сұлтанның тағдырын шешу 
үшін Хан Кеңесі керек демекпін. Ал қазір Хан Кеңесін шақыратын мезгіл емес! 
Менің ертөлелерім әкелген хабарлар бойынша, Мұхамед-Шайбани қазір Яссы 
шаһарын қоршап алған көрінеді. Мұхамед-Мазит-тархан дер кезінде қаласына 
қайтқан. Яссы шаһары мықты бекініс. Мұхамед-Шайбани оны оңай ала алмайды. 
Хан о жақта әуре боп жатқанда, біз қан төкпей Отырарды басып қалуымыз керек. 
Ертең аттанғанымыз жөн. 
Қасымның оп-оңай тағы бір мединаны аламыз дегені Бұрындыққа ұнады.
Бірақ өзінің қайсар мінезіне салып: 
1
К е с т а м — көне түркі елі дайындаған ішімдік. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
183 
— Жақсы, Отырарға аттануға дабыл қақ, — деді. — Демек есіңде болсын, 
Махмуд-Сұлтан мойынына түскелі тұрған қыл шылбырдан бәрібір құтыла 
алмайды. 
— Оны дер кезінде көрерміз. 
Қасым сұлтан басын иіп ханға құрмет көрсетті де шығып кетті. Бұрындық өз 
дегені болмаса, бөтеннің айтқанына көне бермейтін. Ал Қасымның сөзіне тіпті 
көнгісі келмеді. Енді бір ыңғайы түскенде ол әскер басы етіп өзінің екі ағасы мен 
бір інісінің біреуін қоюды ойлай қалды. Түбі Қасыммен тату-тәтті бола 
алмайтынын да білетін. Қазір Бұрындық «Қасымнан қалай тез құтылам» деп бір 
тұңғиық қайғыға бата берді. 
—Қасым өз сарайына келгеннен кейін батыр Саянды шақырып алды. Жәнібек 
өлгеннен бері батыр Саян сұлтанның ең сенер досы, жақын адамы болып ал- 
ған. Қауіпті, құпиялы іске Қасым тек батыр Саянды ғана жұмсайтын. Қандай қиын 
тапсырма болса да, анау оны бұлжытпай орындап келген. 
— Жиен аға, — деді сұлтан өзінің дәрежесіне қарамай, ананың төрт-бес жас 
үлкендігін есіне ұстап, — тағы бір қауіпті істі тапсырғалы тұрмын. 
— Туғалы қауіпсіз бір күнім өтіп көрген жоқ, тапсыра бер. 
— Тапсырсам... — Қасым сәл күмілжи сөйледі, — бұл ара Махмуд-Сұлтан- 
ға қатерлі... Оны Созаққа апарып, біз Отырардан қайтып келгенше тұтқын етіп 
ұстау керек... 
Енді батыр Саян күмілжи сөйледі. 
— Қиын іс екен... Махмуд-Сұлтанды Созаққа апару — ажалына апарумен тең 
ғой. Созақ ағаңыз Махмұт-Сұлтанның қолында ғой. О кісі бетін Махмуд-
Сұлтанның қалай жаралағанын ұмыта қойды ма екен? 
— Жекпе-жекте болған іс кекке айналмауы керек. 
— Ет жарасы біткенмен, ер жарасы оңай біте ме?.. 
Егер Махмуд-Сұлтанды сақтай алмай қалсам қайтем? 
— Сақтау керек. Нағашы апам Аққозыдан туған Мұхамед-Шайбани мен 
Махмуд-Сұлтанға өздері маған бірінші боп ажал ойлағанша, менен жамандық 
болмайды деп анама берген антым бар. 
— Жақсы. Антыңды адал сақтауға қолымнан келгенімді аямаспын. Бірақ шеше 
жағынан сендерге жиен болғанмен, әке жағынан Рабиу-Сұлтан-Бегімнің інісі 
екенімді білмейсің бе? 
— Білемін. Оны неге сұрадың ? 
— Рабиу-Сұлтан-Бегімнен Сүйіншік сұлтан туған жоқ па? 
— Иә, туған. 
— Сүйіншік сұлтан Мұхамед-Шайбани жағында екенін ұмыттың ба? 
— Ұмытқам жоқ. Иә, сосын? 
— Сосын дейсің бе? Сосыны қиын боп тұр ғой. Егер алда-жалда Махмуд-
Сұлтан қашып кетсе, мен сендердің қас жағыңның адамы болып шықпай- 
мын ба? 
— Сен Махмуд-Сұлтанды қашыр-қашырма, Мұхамед-Шайбанидан адал 
екеніңді білемін. Сол адалдығыңа кір келтірмес үшін, бар қолыңнан келеріңді 
аямайтыныңа да сенемін. Соны білгендіктен осы қиын істі әдейі өзіңе тапсырып 
отырмын. 
— Менің ерлігімді, адалдығымды бөтен іспен сына... Әлі де болса бұны басқа 
адамға тапсыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет