122
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты
білу,
мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа
насихаттай білуге;
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың
кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге;
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша
білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты
орынды пайдалануға тәрбиелеуді пән мазмұнында
қамтылған тақырыптарды
меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани
жаңғыру»
бағдарламасын
іске
асыру
жағдайындағы
Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық
тәрбие»
бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін,
құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының
құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген
құрметті, «толық адам»
қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен
агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды
қарастырады.
Оқыту процесіндегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру
үшін
«Оқуға құштар мектеп», «Тарих тағылымы», «Қазақ мәдениетінің
антологиясы»
әлеуметтік жобалары,
«Қазақстанның қасиетті рухани
құндылықтары», «Ұлы дала мұрагерлері»
жобасын,
«Тәуелсіздік бәрінен
қымбат»
атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаевтың мақаласын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы білім алушылардың, кітапханашылардың,
ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу
мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба
аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу
сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру
мақсатында мектеп жанындағы кітапханалар қажетті көркем әдебиеттермен
толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан бүгінгі
таңда оқушылардың кітап оқу
құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып отыр.
Білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында
«Кітап әуесқойы»,
«Өзің оқып, өзгеге ұсын», «Оқы және өзгеге сыйла»
және т.б. акциялар өткізу
ұсынылады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-
шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып
өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
1. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл;