Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


қоғамдық-гуманитарлық бағыт және қазақ



Pdf көрінісі
бет9/181
Дата12.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#149227
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

қоғамдық-гуманитарлық бағыт және қазақ 
және орыс тілдерінде оқытатын жаратылыстану-математикалық бағыт
бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі 
жалпы орта білім беру деңгейін құрайды: 
10 сыныпта-1 сағат; 
11 сыныпта-1 сағат.
Сағаттар «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. 

Вариативті компонентті анықтау кезінде білім алушылардың жас және жеке 
ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымы қызметінің бағыты 
ескеріледі. 


15 

Қазақ және қазақ тілінде оқытпайтын сыныптарының типтік оқу жоспарларында 
вариативті компоненттің сағаттары әртүрлі. Бұл қазақ тілінде оқытпайтын 
үлгілік оқу жоспарларында инвариантты компонентке бөлінетін сағаттар көп 
болуына байланысты, өйткені қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде 1-ден 11-
сыныпқа дейін аптасына 2-ден 5 сағатқа дейін оқытылады
2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші 
сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш 
сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру 
жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі
Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау «Меншік нысаны мен 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын 
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік 
қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және 
оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру 
үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың 
үлгілік 
қағидаларын 
бекіту 
туралы» 
ҚР 
БҒМ 
2018 
жылғы
12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (
өзгерістер мен 
толықтырулар 2020 жылғы 7 тамыздағы №332 бұйрығымен бекітілген
).
 
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде қабылдау 
емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді. 
Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер 
бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық 
базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған 
бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және 
апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және 
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді 
қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 
тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы). 

Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы 
жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына 
сәйкес кіріктірілуі қажет. 

Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген 
тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.

Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық 
журналда көрсетіледі.


16 

Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық 
қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет