ғасырдың екiншi жартысында жеке адамның ынтасы бойынша Маннгеймнiң
метеорологиялық
қоғамы
құрылып,
Европада
бiртектi
аспаптармен
жабдықталған 39 метеорологиялық станциялар торабы құрылды. Ол станциялар
торабы 12 жыл жұмыс iстеп тұрды.
XIX
ғасырдың
басында
бірінші
мемлекеттік
станциялар
ұйымдастырылады. А. Гумбольд және Г.В. Довенің еңбектері климатология
негіздерін қалыптастырады. Г.В. Брандес алғашқы синоатикалық карталарды
құрастырағн. XIX ғасырдың ортасына қарай алғашқы метеорологиялық
институттардың,
соның
ішінде
Петербургтағы
бас
геофизикалық
обсерваторияның ашылуы орын алды. Оның алғашқы басшысына Г.И. Вильдке
үздік метеорологиялық тордың ұйымдастыру тарихи еңбегі және мемлекеттің
бірқатар климаттық жағдайының зерттелуі жатады. Оның көмекшісі М.А.
Рыкачев ауа райы қызметінің ұйымдамтырушысы болды. XIX ғасырдың екінші
жартысында
динамикалық
метеорология
негіздері
қалыптасқан.
Метеорологияның осы саласына АҚШ –да В. Феррель, Германияда Г.
Гельмгольц және де басқа ғалымда үлкен үлестерін қосқан. Осы уақытта жалпы
географиялық жағдайымен тығыз байланыста болған климаттың зерттелуі орыс
географы және климатологы А.И. Воейков Австриядағы Ю. Ханн,
Германиядағы В. Кеппен еңбектерімен дамыған. Ғасырдың соңында
атмосферадағы радиациялық және электрлік процесстердің зерттеулері
күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: