199
Зульфия Каримова,
/ г. Алматы, Республика Казахстан/
ЖЕТІШАР ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ
БАЙЛАНЫСТАРЫНДА САЯСАТ ПЕН ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Орталық Азия ХІХ ғасырдың ортасында Ресей жəне Британ, Ос
-
ман империясы секілді алып ірі мемлекеттер арасындағы саяси-э
-
кономикалық күрестің нысанына айналды. Стратегиялық маңызды
аймаққа орналасқан, көне дəуірден бастап Батыс пен Шығыстың ірі
өркениеті арасындағы өзара белсенді-қарым-қатынасты орнатқан Ре
-
сей мен Қытай сияқты ұлы державалардың екі ортасында орналасқан
Орталық Азия қашанда назардан тыс қалған емес.
1865 жылы Орта Азиядан шыққан Йақұб-бек Аталық қазы Шығыс
Түркістанның оңтүстік бөлігіндегі барлық қалаларды (Йаркенд,
Қашғар, Ақсу, Кучар, Тұрпан, Хотан, Құмыл) өзіне қараттып, Жеті
-
шар деп аталатын ірі мұсылман хандығын құрды. Цин империясына
қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс нəтижесінде құрылған жас
хандық өзінің мəртебесін, құдіретін сақтап қалу мақсатында басқа
мемлекеттермен достық қарым-қатынас жүргізе бастады. Бұл оқиға
-
лар аталмыш аймақта өмір сүрген жергілікті тарихшылардың еңбек
-
терінде суреттелген.
«Тарих-и амнийа» дерек көзінде Мұса Сайрами Жетішар билеушісі
Йақұб-бектің Осман империясымен орнатқан қарым-қатынастарына
аса мəн береді. Автор тарихи шығармасының екінші дастанындағы
бір бөлімін толығымен Жетішар-түрік байланыстарына арнайды.
Мұса Сайрамидың айтуынша, 1867 жылы Йақұб-бек Аталық-ғазы
Шығыс Түркістанның оңтүстігінде мемлекеттегі ішкі жағдайды ретке
келтіргеннен кейін, Йақұб-бек өзі құрған жас мемлекеттің қауіпсізді
-
гі мен əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ойланады. Ол көрші
мемлекеттермен бірге, болашақта Қашғарияға қауіп төнген жағдай
-
да, көмек қолын береді деп үміт артқан ірі мемлекеттермен жақын
қатынас орнатудың жолдарын іздейді. «Тарих-и амнийада» баянда
-
луына қарағанда, Йақұб-бектің кімнен көмек сұрарын білмей дал бо
-
200
лып отырған күндерінде ташкенттік Саййид Йақұб хан Төре екі рет
қажылыққа барып Қашғарға келеді
1
.
Йақұб-бек туралы ақпар алғаш рет Ыстамбұлға 1866 жылдары жет
-
ті. Ыстамбұлдағы Қоқан елшісі Сейид Йақұб хан Төренің Йақұб-бек
-
тің ниетін айтып, оған Османия орденін табыстауға өтініш білдіруі
кезінен бастап, Йақұб-бек есімі белгілі бола бастады. Алайда өтініш
қабылданбай, аяқсыз қалды
2
.
Дегенмен Сейд Йақұб хан төре бас уəзірдің жеке қабылдауында
болып, оған Шығыс Түркістандағы жағдайлар туралы, Йақұб-бектің
тəуелсіз мұсылман мемлекетінің негізін салғандығы жайлы айтып
берді. Әйгілі мұсылман отбасыларының шығу тегін зерттеуге қызыға
-
тын бас уəзір Мехмед Рүштү-паша қуанғандығын жасырмай, саяси
мəліметтерден басқа, осы тақырыпқа қатысты толық ақпараттарды
өзіне айтып беруін өтінеді
3
.
Кейбір мамандар Саййид Йақұб хан Төренің Йақұб-бектің жиені
екендігін растайды. Анығырақ айтқанда, Саййид Йақұб хан Төре
Қоқан хандығының ірі ақсүйегі Нар Мұхаммед ханның ұлы екендігін,
Аталық ғазидың үлкен əпкесінен туылғанын айтады
4
. Ол 1865 жылы
Қоқан хандығының елшісі ретінде, патшалық Ресейдің Орта Азияны
жаулап ауына қарсы көмек сұрап Ыстамбұлға барады. Иран арқылы
Меккі-Мединені аралап, ол жерден Қашғарға келеді. Шетелдерге көп
саяхаттаған Саййид Йақұб хан, Йақұб-бек əкімшілігінің сыртқы сая
-
сатындағы салмақты қайраткеріне айналады.
1869 жылы Ыстамбұлдағы бұрынғы Қоқан елшісі Саййид Йақұб
хан, жол шығынына 60 мың пиастр ақша алып, құпия түрде Египет
пен Үндістан арқылы Қоқан жəне Қашғарға сапар шекті. Оған Осман
1
Мұса Сайрами. Тарих-и амнийа // Рукопись Санкт-Петербургского фи
-
лиала ИВ РАН. С. 335, 166б п.
2
Байкова Н.Б. Англо-Кашгарский торговый договор 1874 года // Краткие
сообшения Ин-та востоковедения. – М., 1952. - Вып. 4. – С. 52-55.
3
Васильев А.Д. Взаимоотношения государства Якуб-бека Кашгарского
с Османской империей в 70-х гг. XIX века // Вестник ВЭГУ. – Уфа: Изд-во
«Восточный университет», 2006. –Ч.1. – С. 20-29.
4
Zarcone Тhierry. Political Sufism and the emirate of Kashgaria (End of the
19th Century): the Role of the Ambassador Ya‘qub xan tura // Muslim Culture in
Russia and Central Asia from the 18th the Early 20th Centuries. Herausgegeben
von Michael Kemper, Anke von Kugelgen, Dmitriy Yermakov. Berlin: Klaus
Schwarz Verlag, 1996. P. 154-165.
201
мемлекеті, Қашғар жəне Қоқан хандығы арасында байланыс орнату
міндеті жүктеледі. Ыстамбұлдағы орыс елшісі Н. П. Игнатьев Сайй
-
ид Йақұб ханға «діндар жəне əдеби білімді» адам ретінде сипаттама
береді.
«Тарих-и амнийада» айтылғаны бойынша Саййид Йақұб хан
Төренің Қашғарға алғашы рет жасаған сапарынды Осман империя
-
сының əсері бар
1
. Демек, бұл мəліметтер екі мемлекет арасында бай
-
ланыс орнатуда алғашқы қадамды Осман империясы жасағандығын
көрсетеді.
Қашғарға келген Саййид Йақұб хан Төре Йақұб-бекке Осман билі
-
гінің ниеті жайында мағлұм қылды. Саййид Йақұб хан Төренің ықпа
-
лымен Йақұб-бек оны Ыстамбұлға аттандырады.
Миссия мақсаты
сұлтанға «Орта Азияда сұлтанмен достық қарым-қатынаста болатын
қуатты мұсылман мемлекетін құру жəне үлкен көлемде қару сатып
алу жайында» ойларын білдіру болатын. Ол сонымен бірге сұлтан Аб
-
дулазиз протекторатына мойынсұну туралы айтылған хатты да табы
-
стауға алып кетеді. Сонымен қатар, ол əскери көмек сұрап, өз армия
-
сын оқытып жəне күшейту үшін əскери кеңесшілерді жіберуге өтініш
білдіреді. Ұзаққа созылған пікірталастан соң Осман империясының
үкіметі Йақұб-бек өтініштерін қанағаттандыруға шешім қабылдайды.
«Тарих-и амнийадағы» мəліметтерге қарағанда, Саййид Йақұб
ханның айтуымен жəне үгіттеуімен Йақұб-бек өз адамдарын Осман
империясына жіберуды ұйғарады. Өте көп сыйлықтарды дайындап,
Саййид Йақұб хан Төрені жолбасшы етіп бірнеше сенімді адамдар
-
ды серік етіп, Ұлы сұлтанның Жетішарды өз қорғауына алуын сұрап
Ыстамбұлға аттандырады
2
. Елдің тарихындағы бұл маңызды оқиға
«Тарих-и хамидида» жан-жақты баяндалады. Ондағы фактілерге не
-
гізге алсақ, бұл оқиғалардың 1868-1869 жылдар аралығында болған
-
дығын көрсетеміз
3
.
Кейбір ғылыми еңбектерде: «1868-1869 жылдары аралығында Ос
-
ман сұлтандығына елші етіп Шади Мырза жіберілді», - деген қате
1
Мұса Сайрами. Тарих-и амнийа // Рукопись Санкт-Петербургского фи
-
лиала ИВ РАН. С. 335, 167а п.
2
Мұса Сайрами. Тарих-и амнийа. – Үрүмчи: Миллəтлəр нəшрияти, 1989.
– 434 б.
3
Мұса Сайрами. Тарих-и хамиди. – Үрүмші: Миллəтлəр нəшрияти,
1986.– 421 б.
202
пікірлер айтылады. Бірақ жергілікті қолжазбаларда жəне сол жылда
-
ры Шығыс Түркістанда саяхатшы-ғалым кейпінде болып жүрген кей
-
бір ағылшын тыңшыларының еңбектерінде дипломатиялық миссия
-
ның басшысы ретінде Саййид Йақұб ханның барғандығы айтылады.
Шади Мырза болса, дəл осы уақытта, Жетішар-Ресей арақатынаста
-
рын қалпына келтіру мақсатында Санкт-Петерборға аттанады. Осы
мəліметті бүгінгі таңда ҚР ОММ-да сақтаулы құжаттар дəлелдейді
1
.
Осман империясының сұлтаны Абдул Азиз хан бинни Абдул Мə
-
жит хан Йақұб-бектен келген елшілерді жақсы көңіл-күймен қарсы
алады. Себебі, осы кезде Абдул Әзиз хан, өзінің саяси майдандағы ең
ірі қарсыласы Ресейге қарсы Қазаннан Қашғарға дейінгі аралықтағы
барлық мұсылман мемлекеттерін біріктіруді мақсат еткен адам еді
2
.
Сол себептен, түрік сұлтаны қуанышпен Жетішарды өзіне тиісті жер
деп мойындап, Йақұб-бекке «мырахор басылық» (əмірлік – К.З.) лау
-
азымын береді. «Тарих-и хамидида» үлкен патшалар дəрежесіне кө
-
теріп, асыл тастармен безелген шахтық тəж, қылыш жəне мылтықтар
-
мен қатар шахтық жарлық беріп, Саййид Йақұб ханның Қашғарға
қайтуына рұқсат береді. Йақұб-бек елшілерінің табыспен қайтқанына
қатты қуанады, Жетішарды Осман сұлтандығына тиісті жер деп жа
-
риялап, хандықтың туларына османлы рəміздерін енгізеді жəне Абдул
Азиз ханның есімі жазылған алтын, күміс теңгелерді жəне чақа пұл
-
дарды (мыс теңге) құйдыра бастайды
3
.
Бүгінгі таңда бұл алтын, күміс жəне мыс теңгелер Санкт-Петербург
қаласында орналасқан Мемлекеттік Эрмитаждың қорында сақтаулы.
Ол жерде сонымен қатар Жетішар мемлекетінде 1876–77 жылдары
тағы бір Осман сұлтаны Мұрат ханның құрметіне соқтырылған тең
-
гелер де бар
4
.
Мемлекет тарихында болған бұл ерекше оқиғаларды қашғарлық
1
«Журнал политических и военных событий на границе Семиреченской
боласти с бывшим Западным Китаем за ноябрь месяц 1869 г.» фонд 44. Се
-
миреченское областное правление // ЦГА РК. Оп.1. Д.5649. Л. 23-24 об.
2
Хидоятов Г.А. Из истории англо-русских отношений в Средней Азии в
конце XIX в. – Ташкент: Фан, 1969. – С.118.
3
Мұса Сайрами. Тарих-и хамиди. – Үрүмші: Миллəтлəр нəшрияти,
1986.– Б. 420.
4
Тухтиев И. Нумизматические материалы как источник по истории Вос
-
точного Туркестана (XVIII – нач. XX вв.).: автореф. ... канд.ист.наук. – Таш
-
кент, 1989. – 12-21 бб.
203
автор Қажы Йусуфта өзінің «Джам ат таварих» кітабында айтып
өтеді. Қажы Йусуф тек Абдул Әзиз ханнан елшілер келіп Жетішарды
өз қорғауына алатындығы, келешекте жан-жақты көмек көрсететіні
туралы жарлық жібергенін баяндайды. Йақұб-бек жағынан барған
Саййид Йақұб хан басшылығындағы елшілер туралы мүлдем сөз бол
-
майды
1
. Сол мазмұндағы мəліметтерді Йақұб бектің құрдасы болған
Молла Мырза да хабарлайды. Оның айтуынша, Абдул Азиз ханнан
үш адамнан тұратын елшілер келеді. Молла Мырза елшілерді Қашға
-
рияның түкпір аудандарына саяхатқа алып барғандығын айтады
2
.
Алғаш рет Осман мемлекеті Қашғарға қомақты əскери көмек беруге
шешім шығарады.
Бұл əрекет, біріншіден – Ресейдің Йақұб-бек құрған Жетішар жаңа
мемлекеті жөніндегі мəселеде айқын ұстанымы болмағандығын; екін
-
шіден – жаңадан құрылған жас мемлекет арқылы осындай жағдайда
Осман империясына тəуелді Қоқан хандығын əскери күшпен басып
алу мүмкіндігінің тууымен байланысты. Түрк сұлтаны Қашғар биле
-
ушісіне 500 дана Құран кітабын тарту етіп, елші Саййид Йақұб хан
Төремен бірге Шығыс Түркістанға бірнеше осман офицерлерін əске
-
ри нұсқаушы ретінде жіберіледі. Сонымен қатар, қару-жарақтар, атап
айтқанда, заманауи артиллериялық зеңбіректер жөнелтіледі.
Кейбір деректер түрік сұлтаны тағы да Йақұб-бекке айрықша
өкілеттілікке ие елші Мұрат Әпендіні аттандырып, оған Түркістан
билеушісін Осман сарайының қорғауындағы тəуелсіз патша ретіндегі
мəртебесін растайтын арнайы пəрменді табыстауды жүктегенін, ай
-
тады.
Осы пəрмен арқылы Йақұб-бекке Әмір ул-Муминин (дінге сенген
-
дер басшысы) құрметті лауазымы жəне халифа атымен ақша соғуға
құқық беріледі
2
. Алайда сұлтан ешқандай қаржылық көмек ұсынбайды.
Осман елшілігі 1873 жылы Қашғарда үлкен құрметпен қарсы алы
-
нып, келу құрметіне жүз зеңбіректен салют атылады.
1
Тихонов Д.И. Уйгурские исторические рукописи конца XIX и начала XX
в. // Уч. Зап. Ин-та востоковедения. - М.–Л., 1954. - Т. 9. – С. 146-174.
2
Гаврилов М.Ф. Страничка из истории Якуб-бека Бадаулета – Правителя
Кашгарии // Сборник В.В. Бартольду. – Ташкент, 1927. – С. 125-132.
3
Васильев А.Д. Взаимоотношения государства Якуб-бека Кашгарского
с Османской империей в 70-х гг. XIX века // Вестник ВЭГУ. – Уфа: Изд-во
«Восточный университет», 2006. –Ч.1. – С. 20-29.
204
Елшілікпен бірге Йақұб-бекке Круппада құйылған 6 зеңбірек,
ескі үлгідегі 1000 мылтық, жаңа үлгідегі 200 мылтық, сонымен қа
-
тар оқ-дəрі, өндіріс құралдары жəне қару жасауші шеберлерге қажетті
жабдықтар жеткізілді. Осымен бірге 4 адамнан тұратын (инженерлік
əскер офицері Али Казем Бей, жаяу əскери полковнигі Мехмед Юсуф
Бей, атты əскер офицері Черкес Юсуф Бей жəне артиллерия офицері
Исмаил Хаккы Бей) əскери нұсқаушыларды жəне тағы да 4 отставка
-
дағы офицерді жібереді. Осы күннен бастап, өзін Йақұб хан деп атай
бастайды. Өз теңгесін соғып, өзіне қарасты аумаққа Абдулазиз сұл
-
тан атына құтпа айтқызады, өз туы алдына осман туын ілдірді. Ос
-
ман офицерлері қашғар əскерін оқытуға кірісе бастады. 1875 жылы
Йақұб-бектің қашғарлық өкілі Ыстамбұлға қайта келді. Ол сұлтаннан
сыйлық есебінде ту жəне алтын жіппен сырылып тігілген жамылғы
алды. Сонымен қатар, 1000 мылтық, Қашғар билеушісінің бірінші
ұлына 2-дəрежелі Меджидие ордені, екінші ұлына 3-дəрежелі Мед
-
жидие табыс етілді]
1
.
Н.П. Игнатьев айтуына қарағанда сұлтанның қоштасу алдын
-
дағы ресми қабылдауы қысқа болған. Хаттамалық ресми сөздерден
кейін Абдулазиз елшіге барлық көршілермен тату келісімде болуды
тапсырған. Қашғар елшісі Саййид Йақұб хан (Хан Төре) таңданы
-
сын жасыра алмай, осы қабылдаудан ештеңе таба алмай, осы үшін
соншалықты алыстан келгендігіне өкініш білдірген. Елшімен бірге
Абдулазиз Йақұб-бекке төмендегідей жолдауларды жіберген. «Сіздің
Қашғардағы үкіметіңіздің құрылуынан бастап көрсетіп келе жатқан
достық пейіліңіз жайлы естіп сізге риза болдық. Сіздің елді өз билі
-
гіңізге алғаннан бастап, менің атыма ақша соғып, менің атыма құтпа
оқығаныңызды естідім. Сондықтан да мен сізді мақтан тұтамын жəне
Сізге деген үлкен құрметімді білдіремін. Мен мұның бəрін сіздің
туысқаныңыз, сарай маңындағы жақсы елші Саййид Йақұб ханнан
ауызша естідім.
Маған белгілі жайт, Сіз өз мұрагеріңіздің үлкен ұлыңыз болуын
сұрап, менің рұқсатымды алғыңыз келеді екен. Сіздің қатынасыңыз
бен достығыңыз жақсы сезімдер мен Сізге деген біздің достығымы
-
зды арттырды жəне Сіздің өкіметке Орта Азия мұсылмандарының
1
Васильев А.Д. Взаимоотношения государства Якуб-бека Кашгарского
с Османской империей в 70-х гг. XIX века // Вестник ВЭГУ. – Уфа: Изд-во
«Восточный университет», 2006. –Ч.1. – С. 20-29.
205
бағынуы Сіздің еңбегіңіз екендігін мақтанышпен атап өттік. Менің
ықыласымның үлгісі ретінде Сізге Санджак-и Шерифті (Сұлтанның
қасиетті туы) жіберіп отырмын. Оның формасы мен түсін Сіз өзгерт
-
пеуге тиіссіз. Сіз менің атымды жазып ақша соғуға, менің атыма құт
-
па оқуыңызға болады. Мен Сізге құрмет ретінде Орта Азия мұсыл
-
мандары Сізді сыйлауы үшін хат пен ту жіберемін.
Адамдар қорғаушысы болған Үкімет пен билеушілер əділеттілік
пен жақсы əкімшілік көмегімен өз адамдары өмірінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету керек. Осы шартты орындау – билеушілерге берілген
қасиетті борыш. Заман өзгерген сəтте біз өмірімізге өзгерістер енгізіп,
адамдарымыздың болашағын қамтамасызыз етуді ойлауымыз қажет.
Сондықтан да Сіз өз адамдарыңызды осындай тəртіппен басқаруды
қаласаңыз, мен сізге өз рұқсатымды беремін жəне сіздің мұрагеріңіз
ретіндегі үлкен ұлыңызды тағайындауға жақсы тілектер жолдаймын.
Сіз тумысыңыздан меңгерген қабілеттілік пен ерік жігеріңіз маған
қуаныш сыйлайды. Сіз əділеттілікпен басқаруды жəне өз бұқараңыз
-
дың бай да қауіпсіз өмірі үшін ісіңізді жалғастыра беруге тиіссіз.
Сіз сонымен қатар, өз еліңізде ғылымды, білімді, өнеркəсіп пен
ауыл шаруашылығын жетілдіруге тиіссіз. Сіз елдегі байланыс жол
-
дарын дамыту мақсатында көпірлер соғып, жолдар жасауыңыз қажет.
Осы айтылғандар Сіздің елдің жəне адамдарыңыздың қабілеті мен қа
-
жетіне қарай кезекпен іске аса береді.
Әзірше Сіз өз бұқараңызға өркениет сəулесін жəне өмір игілігін
əкелудесіз. Сізге өз еліңізді көршілес елдермен үздіксіз қақтығыстар
-
дан сақтауыңыз керек. Осындай кикілжіңдерде сіз өз адамдарыңыз
бен өз мүлкіңізден айырылып қалуыңыз мүмкін. Мұнымен қатар сіз
көрші елдермен бейбіт келісімдердің көмегі арқылы достық қатына
-
ста болуыңыз қажет. Осылайша сіз өзге елдермен сауда қатынасын
жақсартуға мүмкіндік аласыз. Бұл – бүгінгі таңдағы, болашақтағы
ең жақсы жəне ең дұрыс өмір. Бұл – менің Сізге жəне Сіз бақылауға
алуға тиіс сіздің бұқараға арналған менің пəрменім»
1
.
Орыс əкімшілігі өтіп жатқан жағдайларға алаңдаушылық білдірді.
Әлдебір Түркістан шенеунігінің мəліметінше, 1875 жылдың жаз ай
-
ында «. . . Ыстамбұл мен Үндістаннан Қашғарға екі жүз шақты адам
1
Васильев А.Д. Взаимоотношения государства Якуб-бека Кашгарского
с Османской империей в 70-х гг. XIX века // Вестник ВЭГУ. – Уфа: Изд-во
«Восточный университет», 2006. –Ч.1. – С. 20-29.
206
келген. Олардың бір бөлігі – елшілер, енді бірі – саудагерлер мен ше
-
берлер жəне атты жəне жаяу əскерді оқытатын адамдар солдаттар Ел
-
шілер 2000 мылтық пен 10 зеңбірек алып келді. Ал Йақұб-бектің өзіне
патша тəжі мен інжу сырып тігілген костюмді табыс етті. Шеберлер
қайта жасау үшін ескі зеңбіректерді сындырып алып кетті. Сарбаздар
қыстақтардан адамдар жинап, соғыс өнеріне үйрете бастады
1
.
Түрлі уақыт кезеңдерінде Қашғарда болған орыс саяхатшы-офи
-
церлері түрік əскери нұсқаушыларының іс-əрекетіне жəне олардың
жергілікті əскерді оқыту нəтижелеріне байланысты өз бағалауларын
қалдырған. А.Н. Куропаткин өз жазбаларында Бұқар армиясы мен
Қашғар армиясын салыстыра қарағанда, соңғысының жақсы оқып
үйренгенін жəне дайындалғанын айтады. Дегенмен ол қашғар арми
-
ясының дайындық деңгейі еуропалық əскерден төмендеу екендігін
білдіреді. Оның айтуынша, түріктер қашғар əскерінің құрылымын өз
-
герткен жəне жергілікті əскер үшін түрік жарғысын енгізген. Тағы да
сол Куропаткиннің айтуынша, кейбір түріктердің ренжіп, Ыстамбұлға
қайтып кеткен. Түрік шеберлерінің зеңбірек жасау зауытын құру тал
-
пыныстары сəтсіздікпен аяқталған. Түрік нұсқаушыларының бірі
Мамад əпендіге иір ойықты зеңбірек құю тапсырылған. Алайда құй
-
ылған алғашқы екі зеңбірек те бірінші сынақта-ақ жарылып кеткен.
Түрік шеберлері шүріппелі мылтықтарға арналған капсюль өн
-
діретін зауыт құрылысын бітіреді. Қашғар солдаттарының аздаған
тобы түрік үлгісіндегі форма киген. Орыс саяхатшылары қолжазба
-
ларында ағылшын жарғысымен оқып, үйренген ауғандық «қызыл
сарбаздардың» – гвардияның бар екендігін атап өткен деректер кез
-
деседі. А.Н. Куропаткин түрік нұсқаушылары басшылығымен оқып
үйренген қашғарлық əскерлерге мынандай сипаттама береді: «Соңғы
жылдары (1872-1877) түрік нұсқаушылары пайда болып, оқыту-үй
-
рету ісін өз қолдарына алды. Жаңа нұсқаушылар өзімен бірге жаңа
формалар əкеліп, осы арқылы істің мəні көрініс тапты. Жаңаша оқы
-
тып үйретудің мəні жаяу əскерде – мылтықпен істейтін əдіс-тəсіл
-
дер майданда шұғыл əрекеттер жасау, сап түзеп жүру; атты əскерде
–майдандағы сап түзеу, жарыс, адымдап қозғалу, үш, алты қатар тү
-
зеп желу, аттан түсіру секілді əскери қимылдар арқылы айқындалды.
1
Saray M. Rus isgali Devrinde Osmanli Devleti ile Turkstan Hanliklari
Arasindaki Siyasi munasibetler (1775–1875). – Ankara, 1994. – 112 в.
207
Жаяу əскердегі шашыраңқы сап түзеу, атты əскердегі шабуылдар мен
аванпастық қызмет оқыту курстарына енген жоқ. Жер жағдайын пай
-
далана үйрену жөнінде немесе жиынтық эволюция бойынша ештеңе
айтылып, ескерілмеді»
1
. Сонымен бірге Қашғарда болған Куропаткин
жəне басқа да орыс офицерлері де осы кезеңде Осман империясынан
Үндістан аумағы арқылы Қашғарға заманауи қарулардың – мыл
-
тықтар, зеңбіректер мен оқ-дəрігерлердің үлкен көлемді партиялары
келіп тұрғандығын растайды. Дегенмен қарулар мен зеңбірек меха
-
низмдерінің көпшілігінен ақаулар шығып, жарамсыз темірлерге айна
-
лып қала берді
2
.
Сонымен, Осман империясымен Жетішар хандығы ара-қатына
-
старының алғашқы кезеңі аяқталады. Йақұб-бек Түрік сұлтандығы
сияқты ірі мемлекеттің қорғауына қуанса, Абдул Азиз хан болса,
Жетішарды Ресей патшалығына қарсы қойғанына масаттанады. Шы
-
нымен, біршама уақыт өткен соң, Йақұб-бек орыстармен байланысын
бірден бұзып, арақатынасын өзгертеді. Жағдайдың осы бағытта да
-
муына, Осман сұлтандығының одақтасы Йақұб-бекті өзіне қаратуға
тырысқан ағылшын үкіметінің ықпалы болды. Олар өз кезегінде, Ор
-
талық Азиядағы əсерін күшейту мақсатында Түрк сұлтандығын пай
-
даланып, Жетішармен жақындасады.
1873 жылы Түркі-Жетішар арақатынастарының екінші кезеңі
басталады. Осы жылдың көктем айларында Йақұб-бектің бұй
-
рығымен жолға шыққан Саййид Йақұб хан алғаш Үндістандағы Бри
-
тан үкіметінің өкілдерімен кездеседі, кейін Ыстамбұлға аттанады.
Өкінішке қарай, Саййид Йақұб ханның осы саяхаты туралы «Тарих-и
амнийада» мүлдем айтылмайды. Бұл саяхаттың негізгі мақсаты екі
мемлекет арасындағы арақатынастарды одан əрі нығайту жəне Жеті
-
шардың қауіпсіздігі үшін əскери көмек сұрау болып табылатын.
Абдул Азиз хан Қашғардан келген өкілді қабылдап, олардың та
-
лаптарын орындауға уəде етеді. Бірақ өзі Орыс-Түрік соғысының ал
-
дындағы өте ауыр жағдайда болғандықтан, Жетішарға көп көмек көр
-
сете алмайды. Біраз қару-жарақ жəне бірнеше əскери кеңесші жіберу
-
мен шектеледі. Саййид Йақұб хан заманауи қару-жарақ жəне оқ-дəрі
1
Куропаткин А.Н. Кашгария. Историко-географический очерк страны. –
СПб.: Издание Императорского РГО, 1879. –180-182бб.
2
Куропаткин А.Н. Кашгария. Историко-географический очерк страны. –
СПб.: Издание Императорского РГО, 1879. – 161-б.
208
алудың басқа да жолдарын іздейді. Ол ағылшын жəне түрік саудагер
-
лерімен келісім жасап, Жетішар əскеріне керекті қару-жарақтарды
сатып алуды көздейді. Ыстамбұлда аты беймəлім саудагерден 12000
(он екі мың) дана мылтық сатып алуға келісім жасасып, оны тек 6000
(алты мың) данасына ғана ақшасы жетіп, қалғандарына кейін алатын
болып, Қарақұрым тауларынан өтіп, Кашмир арқылы Қашғарға қай
-
тады. Қалған 6000 дана мылтықты сатып алу үшін Йақұб-бек ақша
жинап, Ысмайыл атты адамды жібереді
1
.
Авторы беймəлім шығыстүркістандық тарихшының еңбегінде:
«Түрік сұлтаны Абдул Азиз хан Жетішарға мылтық жəне оқ-дəрілер
-
ден басқа тағы 6 зеңбірек сыйға тартты жəне қару-жарақ, зеңбірек
жасайтын шеберлерді жіберді» - делінеді
2
. Бұл мəліметті орыс зерт
-
теушісі А.Н. Куропаткин де растайды. Ол 1876 жылы Түркістан ге
-
нерал-губернаторы Кауфманның өкілі ретінде Қашғарға барған кез
-
де, Йақұб-бек армиясында 6 зеңбіректен тұратын бір батареяның бар
екендігін анықтайды [52, 171 б.]
3
.
Түрік армиясынан демалысқа шыққан əскерлер Жетішарға жі
-
беріледі. Олардың анық саны бізге мəлім емес. Тек сол əскери кеңес
-
шілер қатарында Қашғарияға келген Заман-бектің, Йақұб-бек жеңіліс
тапқан соң Орта Азия аумағына өтіп, Түркістан генерал-губернато
-
рының аудармашысы қызметіне кіргендігін көреміз [133, 93-94 бб.]
4
.
Сұлтан Абдулазиз 1876 жылдың 4 маусымында өлтірілді. Оның өлімі
-
нен соң тақ Абдулхамид сұлтанға (1876-1909) өтті. Йақұб-бек Ыстам
-
бұлға арнайы елші аттандырды Саййид Йақұб хан Төре барлық мұсыл
-
мандардың рухани басшысы ретінде жаңа сұлтан ұлықтығын таныған
жəне сыйлықтарға разылығын білдірген хатты алып Ыстамбұлға жетеді
5
.
1
Куропаткин А.Н. Кашгария. Историко-географический очерк страны. –
СПб.: Издание Императорского РГО, 1879. – С. 171.
2
Тихонов Д.И. Уйгурские исторические рукописи конца XIX и начала
XX в. // Уч. Зап. Ин-та востоковедения. - М.–Л., 1954. - Т. 9. – С. 156-157.
3
Куропаткин А.Н. Кашгария. Историко-географический очерк страны. –
СПб.: Издание Императорского РГО, 1879. – С. 171.
4
Камалов А.К. Миграция населения Кашгарии в Ферганскую долину
после падения Кашгарского эмирата в конце XIX в. // Уйгуроведение в Ка
-
захстане: традиция и новация: Материалы межд. конф. – Алматы: Изд.дом
«Наш мир», 2006. – С. 89-101.
5
Васильев А.Д. Взаимоотношения государства Якуб-бека Кашгарского
с Османской империей в 70-х гг. XIX века // Вестник ВЭГУ. – Уфа: Изд-во
«Восточный университет», 2006. –Ч.1. – С. 20-29.
209
Осы кезеңде Осман мемлекеті жалпы экономикалық жəне əскери
саяси қуатының əлсіздігінен Орта Азияның мемлекет ретінде қалып
-
тасуына көмек көрсете алмады.
Дегенмен, Осман империясы Йақұб-бекке дипломатиялық көмек
-
тер беруге тырысты. 1876 жылы Қашғар елшісі Саййид Йақұб хан
Төре алғашында қосымша қару-жарақ жеткізу жөнінде өтініш біл
-
діріп, Ыстамбұлға келді. Кейін ол Санкт-Петербургте болып, Ре
-
сеймен достық қатынас ортануға ұмтылыс жасады жəне Йақұб-бек
мемлекетінің Ресейге ешқандай қауіп тудырып тұрмағандығына пат
-
ша əкімшілігінің көзін жеткізуге тырысты. Түрік тарихшыларының
хабарламаларына сəйкес Саййид Йақұб хан Төренің Ресейге жасаған
сапары сəтті болған.
Қорыта айтқанда, осы кезде өмір сүріп, шығармашылықпен ай
-
налысқан жергілікті тарихшылардың бəрі өз шығармаларында Жеті
-
шар мемлекеті мен Осман сұлтандығы ортасындағы байланыстарға
тоқталған. Оған қатысты оқиғаларды зор ықыласпен баяндайды. Ға
-
сырлар бойы бір-біріне үлкен сенім жəне үміт артқан діні бір, тілі бір
түркі тілді халықтардың бірлігі тарихшылар еңбектерінде өз көрінісін
тапқан.
|