Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет129/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   342
Байланысты:
анатомия

processus zygomaticus,
бет сүйегімен бай- 
ланысып, жуан таяныш түзеді, ол арқылы бет сүйегіне шайнау кезіндегі 
қысым беріледі.
Таңдай сүйек, 
os palatinum,
жүп сүйек, бассүйектегі бірқатар 
қуыстардың - кеңсірік, ауыз, көзүясы қуыстарының және қанаттәрізді 
таңдай шүңқырының түзілуіне қатысады (56-сурет). Осыған байла- 
нысты оның қүрылысы бір-бірімен тік бүрыш жасай қосылатын және 
жоғарғы жақсүйегін толықтырып, екі табакшадан түратын жұқа сүйек 
түрінде болады.
1 Горизонталды табақша, 
lamina horizontalis
, арт жағынан processus 
palatinus maxillae-ны толықтырып, катты таңдай, palatum osseum түзеді. 
Таңдай сүйектің горизонталды табакшасының төменгі бетінде таңдай- 
дың үлкен тесігі, foramen palatinum majus, бар, ол арқылы canalis palati­
nus major-дан (төменнен караңыз) таңдай тамырлары мен нервтері 
шығады.
117


2. Перпендикулярны табақша, 
lamina perpendicularis,
facies nasalis 
maxillae-re жанасып жатады. Оның латералды бетінде жүлге, sulcus 
palatinus major, өтеді, ол жоғарғы жақсүйектің аттас жүлгесімен бірге 
canalis palatinus major түзеді.
Медиалды бетінде екі: ортаңғы (crista ethmoidalis) және төменгі 
(crista conchalis) мұрын қалқандары үшін екі қыр білінеді. Таңдай 
сүйегінде үш өсінді бар. Біреуі, prosessus pyramidalis, горизонталды 
және перпендикулярлы табақшалардың қосылған жерінен артқа қарай 
және латералды шығып, тұтас бассүйекте сынатәрізді сүйектің қанат- 
тәрізді өсіндісінің тілігін толтырады. Вертикалды бағытта өзекшелер, 
can ales minores, арқылы нервтер мен тамырлар өтеді. Қалған екі өсінді 
перпендикуляр табақшаның жоғарғы жиегінен шығыңқырап, ол ойық 
сынатәрізді сүйек денесімен қосылып, тесікті, foramen sphenopalatinum 
(аттас тамырлар мен нервтерге арналған), тұйықтайды. Бұл өсінділердің 
алдыңғысы көзұясының түбін оның ең артқы бұрышында толықтырады 
және сондықтан processus sphenoidalis деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет