Халқыліыздың түцгыіи оқымысты-
медиктері әрі мемлекет қайрат-
керлері
Аспендияров
Санжар
Жсіпарүлы мен Халел Досмүхамед-
үлыиың рухына арнаймын!
А В Т О Р
К І Р І С П Е 1
Адам денесінің күрылымы, қазіргі ғылымдардын дамуына және
медицина институттарында оқитын студенттерге арналған бағдар-
ламаларға сәйкес, бұл оқу қүралы қазақ тілінде түңғыш рет жазылып
отыр. Кітапта кездесетін латынша, орысша анатомия терминдерінің
қазақша балама - эквиваленттерін табуда алдын ала көп жылдар ізденіс
жұмыстары жүргізілді. Олар автордың (1963, 1966, 1992 жылдары)
ертеде жарық көрген “Латынша - орысша - казақша терминдердің
сөздігіне” сәйкес алынды. Сонымен қатар бүл жүмыста осы пәннен 35
жылдан аса жоғары оқу орындарында сабақ
беру тәжірибесі өзінің
көмегін тигізді десек артык болмас.
Біздің елімізде кейінгі уақытқа дейін казак тілінде терминдер
жасалып, кітаптар жазылмағаны қазақ жеріндегі саяси-әлеуметтік т. б.
жағдайлардың әсері болғаны әркімге белгілі. Міне, сол “тар жол, тайғақ
кешу”
жылдарында
(1922
жылы
Қызылорда,
Мәскеу)
Халел
Досмұхамедұлының “Адамның тән тірлігі” деген еңбегі жарыкка
шыққан. Онда, автордың айтуынша, адамның денесінің күрылысы мен
физиологиясынан “қысқаша ғана мағлұмат” беріледі. Қазіргі түрғыдан
карағанның өзінде, онда көптеген көмескі, жалпылама үғым беретін
терминдер болғанына карамастан, бүл еңбекте өте пайдалы әрі қүнды
атаулар кездеседі. Эрине, Халел сияқты казақтың атақты үлдарының
артқа
қалдырған еңбек, ой, пікірлерін дүрыс тексеріп, тарихи мән беру
келешектің ісі.
Кейінгі жылдары көмекші оқу қүралы ретінде М. М. Юсупованын
“Адам анатомиясының практикумы”, Е. Керімбековтың “Адам
1 Адам анатомиясы, Алматы, 1994 жылы шыккан бірінші басылымдағы кіріспе
5
анатомиясы” (1988) деген оқу құралдары шықты. Жоғарыда аталған
авторлардың еңбектерін дайындау, шығару барысында біз керекті
көмек, кеңестер беріп өз үлесімізді қосқан болатынбыз.
Адам анатомиясы медицина ғылымдарының негізін қалайтын іргелі
ғылым болгандықтан, әрі мұндағы балама-эквивалентті атаулар
қазақтың ғылыми терминдерінің негізі болатындықтан жауапкершілікті
керек етеді. Сондықтан осы мәселелерге
керекті әдебиеттерді іріктеп,
талдау арқылы олардың белгілі үлгісін пайдалануды артык көрмедік.
Мәселен кейінгі жылдарда бұрынғы Совет Одағы көлемінде орыс
тілінде дүние жүзілік деңгейі бар “Адам анатомиясы” атты оқулықтар
шыққанды. Олардың авторлары көрнекті, өз мектептері бар ғалым,
педагог, мамандар. (В. Н. Тонков, М. Г. Привес, Н. К. Лысенков, В. И.
Бушкович, М. Р. Сапин). Өте керекті, көрнекті суреттер Тонков пен
Сапиннің
кітаптарынан алынса, окулықтың негізгі мәтінін Привес
кітабына ұқсатуды дұрыс көрдік. Бұл кітап кейінгі 50 жыл ішінде тоғыз
рет қайта басылып, бірнеше шет тілінде шыккан.
Үсынылып отырған оқулық 4 тараудан тұрады. I тарауда адам
денесінің құрылысын зерттейтін ғылымның - анатомияның жалпы
міндеті, оның басқа медицина ғылымдары саласындағы орны, даму
жолы және кейінгі уақытта қазақ жеріндегі дамып келе жатқан
анатомия кафедралары туралы қысқаша мағлұматтар беріледі. II
тарауда адамның қаңқасы, ондағы жеке-жеке сүйектер, олардың
байланыстары баяндалады. III тарауда
адам денесіндегі кездесетін
бұлшықеттер, оның атқаратын қызметтері келтірілген. IV тарау
адамның іш құрылымдарындағы асқорыту жүйесіне арналған.
Тараулардағы мағлұматтар адамның эволюциялық даму жолындағы
деректеріне және оның жалпы жануарлар дамуындағы ерекшеліктеріне
байланысты жазылған. Адамзаттың өте күрделі дене құрылымдары,
оның туғаннан бастап өсіп дамуы, кәрілікке жетіп өшуі және олардың
жыныстық өзгешелігі, кей жағдайлардағы қалыптан тыс ауытқу
жолдары кітаптың тиісті жерлерінде келтіріліп отырады.
Қазіргі еліміздің егемендік алған уақытында, өз тіліміз мемлекеттік
тілге айналған кезде және студенттердің
осындай оқулықтарды өте
асыға күтуін еске ала отырып осы кітапты ұсынып отырмыз. Демек, оқу
құралын медицина студенттерінен басқа да жоғары оқу орындарының
студенттері мен оқытушылары, дәрігерлері, ғылыми қызметкерлері, тіл
мамандары пайдалана алады.
6
АНАТОМИЯ - МЕДИЦИНА
ҒЫ ЛЫ М ДАРЫ НЫҢ ІРГЕ ТАСЫ
Адам денесінің пішінін, кұрылысы мен аткаратын кызметін және
оны коршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылымды
анатомия деп атайды.
Ескі сипаттамалык анатомия өзінің алдына адам денесі калай
кұрылған деген бір-ак сүрак койды. Ол тек адам қүрылымын
сипат-
таумен ғана, оларды аткаратын кызметіне байланыссыз зерттеді де,
организмнің даму заңдарын ашуға үмтылмады, яғни метафизикалык
ғылым болды. Ескі сипаттамалык анатомия максаты тек сипаттау гана
болды. Қазірде анатомия үшін сипаттау күрылымды зерттеудегі
әдістердің біріне айналып отыр.
Қазіргі анатомия фактілерді сипаттап қана қоймай, оларды
қорытындылауға, организмнің калай күрылғанын айтып қана қоймай,
оның неліктен бүлай күрылғанын белгілеп организмнің, оның ағзалары
мен жүйелерінің құрылысы мен даму
заңдылықтары кандай екенін
анықтауға тырысады. Онымен катар ол организмнің ішкі, сондай-ак
сыртқы байланыстарын зерттейді.
Диалектика табиғаттағының барлығы өзгереді және дамиды деп
үйретеді. Адам организмі де әлде бір катып калған, аякталған бір
қалыпқа қүйылған нәрсе емес, ол пайда болғаннан бастап өлгенге дейін
үнемі өзгеріп отырады. Сонымен қатар, адам түр ретінде жануар
формаларымен туыстық белгілері байқалатын үзақ эволюцияның өнімі
болып табылады.
Сондықтан, анатомия қазіргі ересек адамның
қүрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи даму
барысында адам организмі қалай қалыптасқанын да зерттейді. Демек,
осы мақсатпен:
1. Жануарлар эволюциясының дамуына сәйкес адамзаттың өсіп
жетілуі - филогенезі
Достарыңызбен бөлісу: