АНАТОМИЯ ҒЫ Л Ы М Ы Н Ы Ң
ҚЫСҚАШ А ТАРИХЫ
Анатомия тарихы адам организмі құрылымы мен дамуына көз-
қараста материализм мен идеализмнің күрес тарихы болып табылады.
Бұл күрес құл иеленушілік дәуірінде таптардың пайда болуынан
басталады.
Ертедегі Грецияда
Демокриттің
материализмі
мен әйгілі
“барлыгы агадьГ (panta гһеі)
деген ережені айтқан Гераклдің диалек-
тикасының әсерімен адам организмінің құрылысына материалистік
көзқарас қалыптасады.
Мәселен, Грецияның атақты дәрігері
Гиппократ
(б.э.д. 460-
377 жж.) организм құрылысының негізін төрт түрлі сұйықтық: қан
(sanguis), сілекей (phlegma), өт (сһоіе) және қара өт (melaena сһоіе)
құрайды деп үйретті. Олардың біреуінің
басым болуына адам темпе-
раментінің түрі (сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик)
байланысты. Демек, жан қызметінің көрінісінің бірі ретінде адам
темпераменті дене “сөлдерінің” күйіне байланысты.
Гиппократ бойынша, аталған темперамент түрлері адам дене
бітімінің түрлі
типтерін де анықтайды, олар алуан түрлі және дененің
сол “сөлдерінің” өзгеруіне сәйкес өзгере алады.
Организм туралы осындай түсінікке сүйене отырып, Гиппократ
ауруларга да сұйықтардың дұрыс араласпау нәтижесі деп қарады да,
содан келіп емдеу практикасына әр түрлі “сұйық айдағыш”
заттарды
енгізеді. Организм қүрылысының
Достарыңызбен бөлісу: