Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет3/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   342
Байланысты:
анатомия

(рһуіоп -
туыс, 
genesis
- даму) зерттеледі. 
Филогенезді зерттеу үшін түрлі жануарлар мен адамның күрылыстарын 
салыстырып зерттейтін салыстырмалы анатомия деректері пайда- 
ланылады. Бұл жағдайда эволюцияның қозғаушы күштерін және 
организмді қоршаған ортаның нақты жағдайларына бейімделудегі 
қүрылымдық өзгерістерін ашатын эволюциялық морфология принцип- 
тері де ескеріледі.
2. Қоғамның дамуымен байланысты адамзаттың қалыптасуы және 
даму үрдісі - антропогенез 
(anthropos -
адамзат) зерттеледі. Ол үшін 
салыстырмалы және эволюциялык морфологиямен катар, көбіне 
антропологияның - адамзат туралы ғылымының деректері пайдала- 
нылады.
3. Индивидтің жеке даму үрдісі - онтогенез 
(onthos -
особь) оның 
бүкіл өмірі бойы: жатырдағы (эмбриогенез) және жатырдан тыс, 
постэмбрионалдық немесе постнаталдык 
{post -
кейін, 
natus -
туған),
7


яғни туғаннан өлгенге дейінгі кезеңдер қарастырылады. Осы максатта 
эмбриологиялық дамудағы мағлұматтарды 
(embryon
- ұрық) пайда- 
ланады. Онтогенездің соңғы кезеңі жас келіп қартаю-геронтология 
(грекше 
gerontos
- қарт) ғылымының зерттеу объектісі болып табылады.
Сондай-ақ дене мен оны құраушы ағзалардың пішіні, құрылысы 
және жыныстық айырмашылықтары, сол сияқты олардың топо- 
графиялық өзара қатынасы ескеріледі. Анатомия адам денесін ішкі 
және сыртқы жағдайлардың әсерімен белгілі бір заңдылықтар негізінде 
эволюциялық тұтас тұлға ретінде зерттейді. Адам организмі құры- 
лысын бұлай зерттеу анатомияның эволюциялық белгісі болып 
табылады.
Диалектикалық материализм құрылым мен атқаратын қызмет 
бірлікте әрі бірімен бірі байланысты болады деп үйретеді. Организмде 
белгілі бір қызмет атқармайтын құрылым болмайды, сол сиякты 
қайсыбір құрылыммен байланыссыз қызметте болмайды. Әрбір ағза 
едәуір дәрежеде өзі атқаратын жұмысының өнімі болып табылады. 
Сондықтан анатомия организмді және жеке бөліктерін, ағзаларды 
олардың жұмысымен ажырамас байланыста зерттейді, ал бұл оның 
функционалдық белгісін құрайды.
Адам анатомиясын зерттеудің барлығы өзіндік жеке мақсат емес, 
олар теория мен практиканың бірлігі принципіне негізделген медицина 
мен дене тәрбие ғылымдарына қызмет етеді.
Сипаттамалық, эволюциялық және функционалдық белгілер 
бірегей анатомияның әр түрлі жақтары болып табылады. Анатомияның 
ең басты белгісі оның әрекеттілігі, яғни жайбарақат көріп-қарау және 
организм құрылысын сипаттау емес, адамның қолайлы және үйлесімді 
дамуына қажетті бағытта эсер ету жолында осы заңдылыктарды 
меңгеру болып табылады.
Адам денесін зерттеудің қиындыгынан, оны алдымен жүйелерге 
бөліп тексереді. Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет