fonticulus sphenoidalis, ал артқысы -
емізіктәрізді,
fonticulus mastoideus, деп аталады. Сынатәрізді еңбек
шеке сүйек, маңдай сүйегі, angulus sphenoidalis, сынатәрізді сүйектің
үлкен қанаты және самай сүйегінің қабыршағының түйісетін жерінде
орналасқан; туғаннан кейін 2-3 айлығында бітіп кетеді. Емізік тәрізді
еңбек шеке сүйегінің angulus mastoideus, самай сүйегі пирамидасының
негізі және шүйде сүйектің қабыршағы арасында орналасқан.
Сынатәрізді және емізіктәрізді еңбектер көбіне шала туған (күні
жетпеген) балаларда кездеседі, соның өзінде кейде жетіп туған
балаларда шүйде еңбегі болмайды. Жаңа туған нәрестелерде жіктердің
болмауы және диплоэнің нашар дамуы, бассүйектің сыртқы бетінде
ғана емес, ішкі бетіндегі бедерінің көмескілігі байқалады.
Бассүйектің екінші шеміршектік даму сатысының қалдықтары,
оның негізі сүйектерінің жекелеген әлі де қосылып кетпеген бөліктері
арасындагы шеміршекті қабатшалар болып табылады, сондықтан олар
жаңа туған нәрестелерде ересектерге қарағанда біршама көптеу.
Бассүйектерде ауалы қойнаулар әлі дамымаған. Әлі жұмыс істей
қоймаған бұлшықеттердің нашар дамығандығынан түрлі бұлшықет
төмпешіктері, қырлары және сызықтары байқалады. Осы себептен әрі
шайнау қызметінің жоқтығынан жақсүйектер нашар дамыған: ұяшықты
өсінділер жоқ дерлік, төменгі жақсүйек бітісіп-өспеген екі жартыдан
тұрады. Осының салдарынан бет ми сауытымен салыстырғанда онша
алға қарай шыгыңқы емес те, оның тек сегізден бір бөлігін ғана
құрайды, ал ересек адамда бұл қатынастар 1:4.
Есейген шақта күмбез сүйектері арасындагы синдесмоздардың
синостоздарға айналуынан бассүйек жіктерінің сүйектенуі байқалады.
қартайған кезде бассүйек сүйектері біршама жұқарып әрі жеңілдейді.
Тістер түсіп, жақсүйектердің ұяшықтық жиегінің семуі (атрофиясы)
салдарынан бет қысқарып, төменгі жақсүйек алға қарай шығыңқырап,
сонымен қатар оның тармақтары мен денесі арасындагы бұрыш
үлкейеді. Бассүйектің бұл айтылған жасқа байланысты өзгерістері
рентгендік зерттеу кезінде жақсы айқындалады, бұның диагноз қоюда
үлкен маңызы бар. Мәселен, жаңа туған нәрестенің бассүйегі рент-
генограммасында мыналар айқын көрінеді: 1) бірқатар сүйектер - ман-
134