себебінен қасаға және шонданай сүйектері өздерінің тармақтарымен
ұршық ойығымен төмен және медиалды жатқан, бұрыштары доғаланған
үшбұрыш пішінді жапқыш тесікті
,
foram en obturatum,
қоршайды.
Сүйектенуі. Жаңа туған нәрестенің рентген суретінде жамбас
сүйектің рентгенограммада көрінбейтін шеміршекке сәйкес келетін кең
аралықтармен бөлінген барлық үш бөлігі көрінеді. Тек acetabulum
аймағында, қасаға сүйегі мен шонданай сүйегі аралығында ғана ақшыл
жолақ байқалмайды, өйткені аталған сүйектер осы жерде бір-біріне
проекцияланып, пішіні жағынан шаян қысқышына ұқсайтын бірыңғай
сүйекті түзіліс түрінде көрінеді, бұл жағдайда foramen obturatum әлі де
тұйықталмаған. 8 жасқа қарай os pubis және os ischii тармақтары бір
Достарыңызбен бөлісу: