Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет217/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   342
Байланысты:
анатомия

columna vertebralis.
A - бүйірінен қарағандағы көрінісі. Б - алдынан қарағандағы көрінісі.
I = мойын бөлімі; II - кеуде бөлімі; III - бел бөлімі; IV - сегізкөз бөлімі; 
V - күйымшак бөлімі; 1, 3- мойын және бел лордозы;
2, 4 - кеуде және сегізкөз кифозы.
13—210
181


оны тік ұстау үшін омыртқа бағанасы алға қарай иіледі, бұған баланың 
қайталап басын көтеруі және бастың артқы бұлшықеттерін жиыру арқылы 
оны осы көтерген қалыпта ұстауға көмегін тигізеді. Осының нәтижесінде 
мойын лордозы пайда болады. Содан кейін отырған кезде кеуде кифозы 
күшейеді, ал бала тұрып, жүруді үйренгеннен кейін негізгі иілім - бел 
лордозы пайда болады. Осы кезде аяқтарымен байланысқан жамбас астауы 
қисаяды; омыртқа бағанасы вертикалды қалыпта қалу үшін бел бөлімінің 
иілуі керек, осының арқасында ауырлық орталығы ұршық буынынан артқа 
ауысып, нәтижесінде дененің алға қарай еңкеюі болмайды. Екі лордоздың 
пайда болуы екі кифоздың (кеуде және сегізкөз-құйымшақ) дамуына 
себепші болады, бұл адамды жан-жануардан өзгешелейтін дененің 
вертикалды қалпы кезінде тепе-теңдікті сақтаумен байланысты.
Осылай иілген омыртқа бағанасы өзінің серпімділігі аркасында 
серіппелі түрде қарсы эсер ете отырып, бас, қол және дене салмағының 
жүгін көтереді. Жүктеме көбейгенде омыртқа бағанасының иілімдері 
күшейіп, кері жағдайда азаяды. Омыртқа бағанасының иілімдері секіру 
және жай жүру кезінде болатын соққылар мен шайқалыстарды омыртқа 
бағанасының ұзына бойында жұмсартып, басып отырады; соққының күші 
иілімдердің қисығын күшейтуге кетеді де, толығынан бассүйек пен ондағы 
миға жетпейді. Көрсетілген иілімдерден басқа сагитталды жазықтьщта 
дөңес жағымен әдетте оңға қарай (сирек жағдайларда солға қарай) 
бағытталған әлсіз білінетін иілім байқалады. Сколиоз, 
skoliosis,
деп 
аталатын бұл бүйірлік майысуы түрліше түсіндіріледі. Мәселен, 
оқушыларда бұрыс қисая, ұзақ уақыт қозғалмай отырғанда, әсіресе жазу 
жазғанда омыртқа бағанасы бүйіріне қарай қатты майысу (мектептік 
сколиоз) мүмкін. Жұмысы дененің қисаюымен байланысты болатын кейбір 
кәсіп түрлері де күшті сколиозға әкелуі мүмкін. Сколиозды болдырмау үшін 
тиімді гимнастика жасап отыру қажет.
Қартайғанда омыртқа бағанасы иілімдерін жоғалтады, омыртқа- 
аралық дисктер мен омыртқалардың жұқаруы және серпімділігін 
жоғалтуынан омыртқа бағанасы алға қарай иіліп, үлкен бір кеуде 
иілімін (қарттық бүкірлік) түзеді, бұл кезде омыртқа бағанасының 
ұзындығы едәуір кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет