тұйықтайды. М. masseter-ді fascia masseterica жабады, ол бұлшықетті
қаусырып, жоғарғы жағынан бетсүйек доғасына, төменнен - төменгі
жақсүйектің жиегіне, ал артынан және алдынан оның тармағына бекиді.
Аталған шандыр артынан және өзінің сыртқы беті жағынан шықшыт
безі шандырымен, fascia parotidea, байланысқан. Бет аймағында шандыр
болмайды, өйткені мимикалық бұлшықеттер тікелей тері астында
жатады. Тек жалғыз ғана т . buccinator-дың артқы бөлігін - fascia
buccopharyngea - жауып жатады, ол алдында борпылдақ бет шел-
майымен қосылып, ал артында raphe prygomandibularis-пен бітісіп,
жұтқыншақ бұлшықеттерінің дәнекер тінді жабынына айнала созы-
лады.
ҚОЛ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Қол бүлшықеттері еңбек мүшесі ретіндегі қолдың қимыл-
қозғалысын іске асырады. Қол бұлшықеттері оны тұлға қаңқасына
бекітіп, сүйектердің бұлшықетті байланысуын түзіп, орталық ретіндегі
иық белдеуі сүйектеріне әр жақтан - бастан, арқа мен кеудеден - келеді
және олардың шығу тегі әр түрлі: 1) беку нүктелері, иық белдеуі
сүйектерінде болатын, тұлғаның вентралды бұлшықеттерінің туын-
дылары, яғни трункофугалды бұлшықеттер: m. rhomboideus, т . levator
scapulae, т . serratus anterior, т . subclavius, т . omohyoideus, сондай-ақ
бастан ығысып ауысқан желбезек доғаларының туындылары - т .
trapezius; 2) трункофеталды бұлшықеттер - m. latissimus dorsi, mm.
pectorales major et minor.
Аталған бұлшықеттердің орналасуы мен қызметі арқа, кеуде және
мойын бұлшықеттерін сипаттағанда қарастырылады. Қолдың басқа
бұлшықеттері миотомдардың вентралды бөлігінен пайда болады.
Оларды иық белдеуі, иық, білек және қол ұшы бұлшықеттеріне бөлуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: