Сүйектің өсуі. Организмнің ұзақ уақыт өсуі және ұрықтағы мен
ақырғы қалыптасқан сүйектің көлемі және пішіні арасындағы
айырмашылық соншалық, бүкіл өсу бойында оны қайта құрылуға
мәжбүр етеді, қайта құрылу үрдісінде жаңа остеондар түзілуімен қатар
ескі остеондардың таралып-жойылуы (резорбция) үрдісі жүреді,
олардың қалдықтарын жаңадан түзілген остеондардың арасынан көруге
болады. Таралып-жойылу сүйектегі ерекше жасушалардың - остео-
класттардың әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Соңғылардың жүмысының нәтижесінде диафиздің бүкіл эндо-
хондралды сүйегі таралып-жойылады да, онда куыс пайда болады.
Перихондралды сүйек қабаты да таралып, жойылады, бірақ жойылатын
сүйек тінінің орнына сүйек қабығы жағынан оның жаңа қабаттары
түзіледі. Соның нәтижесінде жас сүйек қалыңдап өседі.
Бүкіл балалық және жасөспірімдік кезеңде эпифиз бен метафиздін
арасында эпифизарлық шеміршек немесе өсу табақшасы деп аталатын
шеміршек қабаты сақталады. Осы шеміршектің есебінен аралық
шеміршек затын түзетін оның жасушаларының көбеюі арқасында сүйек
ұзына бойына өседі. Кейін жасушалардың өсуі тоқтайды, эпифизарлық
шеміршек сүйек тініне орын беріп, метафиз эпифизбен қосылады,
сөйтіп
синостоз пайда болады.
Сөйтіп, сүйектің сүйектенуі мен өсуі қарама-қарсы аппозиция,
резорбция жасау және бұзу функцияларын атқаратын остеобласттар
мен остеокласттардың тіршілік әрекеті нәтежесі болып табылады.
Сипатталған даму мен атқаратын қызметіне сәйкес әрбір жілік
сүйектердің мынадай бөліктерін ажыратады.
1.
Сүйектің денесі, диафиз, негізінен тірек және қорғаныс функция-
сын атқаратын, ересектерде сары жілік майы бар сүйек түтігі. Түтіктің
қабырғасы тығыз тұтас заттан тұрады, онда сүйек табақшалары бір-
біріне өте жақын орналасып, тығыз масса түзеді.
Диафиздің тығыз заты екі түрлі сүйектенуге сәйкес екі қабатқа
бөлінеді: 1) сыртқы қыртысты (cortex - қыртыс) қабат шеміршек қабығы
мен сүйек қабығынан перихондралды сүйектену арқылы пайда болады,
оны қоректендіретін қан тамырларды да содан алады; 2) ішкі қабат
эндохондралды сүйектену арқылы пайда болады, қоректі жілік майы
тамырларынан алады.
74