Бухгалтерлік есеп


д)  Қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан



Pdf көрінісі
бет102/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

д) 
Қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан.
 
Бұл есептер 
№ 1110, 1150 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» активті 
шоттарында бейнеленеді. Активтер бағалы қағаздарды қайта бағалау 
нәтижесінде пайда болатындықтан, шаруашылық операциялардың 
жазылуы № 1110, 1150 шоттардың дебетіне № 5320 шоттың кре-
дитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1110, 1150 — 5320 Бағалы қағаздарды қайта
бағалаудың есебі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 5320) баланстың активі 
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын 
алады. Бір жағынан кәсіпорынның активтері, екінші жағынан сол 
сомаға қайта бағалаудың көлемі көбейеді. Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында ҚР-ның Үкіметімен 2005 жылы 
қазан айының 10 жұлдызында енгізілген қайта бағалау нәтижесінде 
2005 жылы қазан айының 30 жұлдызындағы № 16а реестріне сәйкес 
есептер бойынша 320000 теңге сомаға сатып алынған бағалы 
қағаздардың қайта бағалауы жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 


168
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1150 — 5320 = 320000 3 типті операция 
А (+) П (+)
Материалдық қорлар мен қысқа мерзімді дебиторлық 
берешектердің көбеюі
а)
Жеткізушілерден. Жеткізушілермен есеп айырысу № 3310 
«Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті 
шотында бейнеленеді. Активтер жеткізушілерден келгендіктен, 
шаруашылық операция № 1310–1315, 1317, 1330 шоттардың дебетіне 
№ 3310 шоттың кредитінен жасалады. Жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
1310–1315
1317 3310 Шот-фактура
1330
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті 
шот орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею 
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция 
орын алады. 
Бір жағынан материалдық қорлар, ал екінші жағынан бір мезгілде 
жеткізушіге кредиторлық қарыз көбейеді. Бұл жағдай жазудың 
дұрыс жасалғанын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз: кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы наурыз 
айының 29 жұлдызындағы № 49 шот-фактура бойынша 600000 теңге 
сомаға материалдар (тауарлар) алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік 
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту 
1310, 1330 — 3310 = 600000 3 типті операция
А (+) П (+)
Ескерту: аяқталмаған өндіріс жеткізушіден келуі мүмкін емес 
(өйткені, ол аяқталмаған элемент болып табылады), ол негізгі 


169
өндірістен келеді.
ә)
Материалдық қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім субъек-
тінің өзімен жасалады.
Материалдық келу көздері: есепті сомалар, ақша қаражаттары, 
өзара есеп айырысулар, еңбекақы, кредиторлық қарыз, калькуля-
циялық шығындар болуы мүмкін. Демек, шаруашылық операцияның 
жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар 
1310—1315 (1010, 1250, 3350, 3390, 8010) жүкқұжаттар, 
1317 еңбекақы бойынша есеп
айырысу, калькуляциялар
Аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің келу көздері: негізгі және 
көмекші өндірістер. Демек, шаруашылық операцияның жазылуы 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1340 8020—8030 Аяқталмаған өндірісті шығыс ету
есептері
1320 8010—8030 Техникалық бақылау бөлімінің
қабылдау актісі 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040, 1250, 8010 
және т.б.) орналасқан кезде баланстың активінде тек қана өзгерістер 
болатын 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни 
ресурстар материалдық қорларға айналады. 
Пассивті шот (№ 3320, 3350, 3390 және т.б.) орналасқан кезде 
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгеріс болатын 3 
типті «Активті-пассивті» операция орын алады, яғни материалдық 
қорлардың көлемімен қатар бір мезгілде кредиторлық қарыздар 
көбейеді. Бұл жағдай, жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет