164
кредиторлық қарыздардың көлемі көбейеді). Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз:
кәсіпорында 2005 жылы мамырдың 16 жұл-
дызындағы № 861 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына
сәйкес, 3000000 теңге сомада банктен қысқа мерзімді несие алынды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Сома Ескерту
1040 — 1210 = 3000000 3 типті операция
А (+) П (+)
б)
Қолма-қол ақшаға тауарлар мен бағалы қағаздарды өткізуден.
Бұл есептер № 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден
алынатын кіріс», 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер»
пассивті
шоттарында бейнеленеді. Кірістер активтерді өткізу нәтижесінде
пайда болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 1040
шоттың дебетіне № 6110 шоттың кредитінен жасалады.
Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1010 — 6110 Кассалық чектер,
бағалы
қағаздардың реестрі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шоттар орналасқан. Пассивті шот (№ 6110) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан ақша қаражаттары, ал
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға өнім мен бағалы қағаздарды
өткізудің көлемі көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: