163
(бір жағынан ақша қаражаттары, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздар көбейеді).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар
келтіреміз: 1) кәсіпорынның есеп айырысу шотына
2005 жылы қыркүйек айының 21 жұлдызындағы № 396 төлем
тапсырмасына сәйкес, сатып алушылардан 890000 теңге сомада
ақша келіп түсті. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 1210 = 890000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) кәсіпорында 2005 жылы наурыздың 24 жұлдызындағы № 639
төлем тапсырмасы мен келісім шарттарына сәйкес, 1400000 теңге
сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін аванстар
алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 3510 = 1400000 3 типті операция
А (+) П (+)
Достарыңызбен бөлісу: