175
Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1250—1420 1010, 1040, 3310, 3350, Төлем тапсырмалары,
3390, 6120, 6210, 6280
шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, сыйақылардың есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз:
кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040) жай-
ғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады,
яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан
дебиторлық қарыздар көбейеді, ал
екінші жағынан сол сомаға
кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3310, 3350, 6120, 6210, 6280) жайғасқан жағдайда
баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын
3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан
дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер
мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар,
сондай-ақ негізгі
және негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: